КГУ "Центр обучения языкам отдела культуры и развития языков акимата города Лисаковска"
0
Латын әліпбиіне өту-Рухани тәуелсіздікке жасалған болашағы зор қадам.

 

          Қазақ тілі-мемлекеттік тіліміз болып табылады. Алайда латын әріптеріне көшірудің мемлекеттік тілдің  дамуына, қолданыс аясының кеңейуіне қосар үлесі орасан зор. Қазіргі таңда Қазақстан елін әлем танығандықтан мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай келуін өмірдің өзі талап етуде. Әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері латын әліпбиін қолданады. Латын қарпінің артықшылығын ескеріп, бізде өз мақсатымыза сай пайдасын көруіміз керек. Жазуымызды латын әліпбиіне көшіру бір күннің ісі емес, елдің көзі үйреніп, жаңа әліпбиді меңгеріп кетуіне де уақыт қажет.

          Кез-келген әліпбидің  міндеті графикалық, лингвистикалық, техникалық талаптарға сай болуы керек. Сонымен қатар қазақ жазуының латын әріптеріне көшірілуі ел болашағы-жас ұрпақтың оқу-білім және ғылым жолындағы ізденістеріне де жол ашады. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХI ғасырдағы ғылым және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп оқушылары ағылшын тілін оқып, латын әріптерін тез уйреніп жатыр. Сондықтан жас буын үшін еш қиындығы болмас. Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіреміз деп мәлімдеді.

          Мемлекет басшысы: Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттіген атап өтті .Демек,көп кешіктірмей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Осы мақсатта орындалып жатқан жұмыстардың барлығы Латын графикасына көшудің алғы шарттары болып қала бермек.

Лисаков қаласының Тілдерді оқыту орталығы да өз жоспары аясында латын графикасына көшу жолдарын халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізе беретін болады. Мақала соңын, «Жазуды реттеу-тілді реттеу. Тілді реттеу – елді реттеу» деген қанатты сөзбен аяқтағым келіп отыр.

 

Лисаков қаласының тілдерді

оқыту орталығының әдіскері      Кенжебаева Жаннұр