"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
Оқыту курстарын ұйымдастыру

Орталықта деңгейлік оқыту бағдарламасы іске асырылуда: 1 деңгей –А1 қарапайым, 2 деңгей – А2 базалық  және 3 деңгей – В1 орта.


А1 деңгейінде тыңдаушылар тілдің маңызды дағдыларын игереді – тілдік материалды ауызша қабылдау, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай білу. Оқытудың А2 деңгейінде тыңдаушылардың базалық білімдері қалыптасып, коммуникативтік және сауатты жазу дағдылары қалыптасады. В1 деңгейінде тыңдаушылардың қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру жұмысымен қатар мемлекеттік тілде іс жүргізу үйретіледі.


Оқу жылдың ұзақтылығы 8 ай. Мемлекеттік тілді игеру курсы – 3 жыл, ағылшын тілі -2 жыл оқытылады. Курсты толық аяқтағандарға сертификат немесе куәлік беріледі. Оқу жылы 1 ақпанда басталады, желтоқсан айында аяқталады. Оқу жылы 2 семестрге бөлінеді. Әр семестрден кейін аралық және қорытынды емтихан тапсырады. Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға курсты аяқтағаны туралы тиісті сертификаттар беріледі.


Оқу ыңғайы мен тілдерді сапалы меңгеру үшін Орталықта тыңдаушыларды оқытудың икемді кестесі енгізілді. Оқу сабақтары 14.00-ден бастап 20.45-ке дейін кестеге сәйкес ұйымдастырылған. Сабақтың ұзақтылығы 1 сағат 20 минут.