"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
Қазтест

                         

 

«Қазтест» жүйесінің құрылуы

 


ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасының азаматтарымен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ отандық жүйесі.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен «ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы» мақұлданды. Тұжырымдамада ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту бағыттары анықталды. Тұжырымдаа негізінде Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында арнайы құрылымдық бөлімше ретінде жұмысын бастады.


ҚАЗТЕСТ жұйесінің құрылымы

 


ҚАЗТЕСТ жүйесі төрт бөліктен тұрады:

  • «Тыңдалым»,
  • «Лексика-грамматикалық бөлік»,
  • «Оқылым»,
  • «Жазылым».

 

 

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

ТЫҢДАЛЫМ

ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКА

ОҚЫЛЫМ

ЖАЗЫЛЫМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ҰЗАҚ ДИАЛОГ, ҚЫСҚА МОНОЛОГТЕРДЕН ЖӘНЕ ЕСТУ АРҚЫЛЫ ТҮСІНГЕНІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

 

 

 

ГРАММАТИКАНЫ, ЛЕКСИКАНЫ ПАЙДАЛАНА БІЛЕТІНДІГІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

АЛУАН МАЗМҰНДЫ, ТҮРЛІ СТИЛЬДІ МӘТІНДЕР МЕН СОЛАРДЫ ОҚУ БАРЫСЫНДА ТҮСІНГЕНІГ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

ТІЛ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДИКТАНТ, МАЗМҰНДАМА ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ЭССЕ ЖАЗУ

 

арналған тест тапсырмаларынан тұрады. Бір нұсқада тыңдалым бөлігі бойынша 30 тест тапсырмасы ұсынылады.


Лексика-гарамматикалық бөлік. Грамматаиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған тест тапсырмалары. Бір нұсқада лексика-грамматикалық бөлік бойынша 70 тест тапсырмасы бар.


Оқылым. Мазмұны әртүрлі, түрлі стильдегі мәтіндер беріледі. Мәтіндерді оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тест тапсырмаларына жауап беру ұсынылады. Нұсқада Тыңдалым. Шағын және ұзақ диалог, қысқа монологтерден және есту арқылы түсінгенін анықтауға оқылым бөлігі бойынша 50 тест тапсымасы бар.


Жазылым. Тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты шығармашылық диктант, мазмұндама және ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу ұсынылады.


ҚАЗТЕСТ жүйесінің тестілеу емтиханы тыңдалым, оқылым түрлері мен лексика-грамматикалық бөлік бойынша тест тапсырудан, ал жазылым бөлігі бойынша жазбаша жұмыс орындаудан тұрады.


Тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік және оқылым бөліктері бойынша емтихан арнайы жауап парағына жұрыс жуапты белгілеу арқылы тестілеу үдерісі негізінде өткізіледі. Ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланып, арнайы сканерлеу құрылғысы арқылы тест нәтижесі анықталады.

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

 

ҚАЗТЕСТ жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі негізге алынады. Қазақ тілін

қарапайым,

базалық,

орта,

ортадан жоғары,

жоғары

деңгейлерде меңгеру көлемін ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы анықтауға мүмкіндік бар. Аталған деңгейлер Еуропалық тілдік референттілік деңгейлеріне сәйкестендірілген. Атап айтқанда,


А1 деңгей (Уровень выживания/Breakthrough) -Қарапайым деңгей,


А2 деңгей (Предпороговый уровень/ Waystage) – Базалық деңгей


В1 деңгей (Пороговый уровень/ Threshold) – Орта деңгей,


В2 деңгей (пороговый продвинутый уровень/ Vantage) – Ортадан жоғары деңгей,


С1 деңгей (уровень профессиональго владения/ effective operational proficiency) – Жоғары деңгей,


Ал жетік деңгей (Уровень владения в совершенстве/ Mastery) С2, мұнда тіл үйренуші сол тіл халқының деңгейінде меңгерген деп саналады және онда бағалау қажеттілігі шамалы.

 

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЕСТ ОРЫНДАУ УАҚЫТЫ

ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тыңдалым, оқылым және лексика-грамматикалық бөліктер бойынша 150 тест тапсырмасына жауап беру ұсынылады. Тест жабық түрдегі тест тапсырмаларынан тұрады, яғни ұсынылған 4 жауап нұсқасынан бір ғана дұрыс жауабын табу түріндегі тест тапсырмалары.


Жалпы тест орындау уақыты  - 150 минут немесе 2 сағат 30 минут. Тест уақытын тиімді пайдалану үшін бөліктер бойынша тест тапсырмаларын орындауға өмендегідей уақыт жұмсау ұсынылады:


тыңдалым 30 тест тапсырмасына – 25 минут;

лексика-грамматикалық бөліктің 70 тест тапсырмасын орындауға – 60 минут;

оқылым бөлігінің 50 тапсырмасын орындауға – 55 минут.


Арнайы жауап парағындағы жеке мәліметтер мен жауап нұсқаларына арналған белгілерді енгізу үшін 10 минут жұмсау керек.


Жазылым бөлігі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейіне байланысты тапсырмалар да әртүрлі  талаппен ұсынылады. Қарапйым және базалық деңгейлер үшін шығарма элементтері бар диктант жазу ұсынылады. Диктант мәтіні арнайы аудиоматериал ретінде бірінші рет дыбысталғанда анықтап тыңдап, екінші рет дыбысталғанда диктант мәтінін қазақ тілінің грамматаикасына, орфографиясына сай жазылып, үшінші рет дыбысталғанда тексеру ұсынылады. Диктант мәтінінің мазмұнынан сәйкес екі-үш тапсырманы орындау керек.


Орта және ортадан жоғары деңгейлерде арнайы аудиоматериалды тыңдап болған соң дыбысталған ақпарат бойынша түсінгенін мазмұндап жазу ұсынылады. Деңгейіне байланысты мәтін көлемі мен сөздік қоры да күрделенеді.


Жоғары деңгейде берілген трек сөздер мен сөйлемдер негізінде қысқаша шығарма жазу ұсынылады. Шығарма жазуға барлық қажетті мағлұматтар  қосымша беріледі. Мұндай тапсырма арқылы тіл үйренушінің қазақ тілі бойынша сөздік өқорының жеткілікті көлемде қалыптасқандығын, сөздер сөз тіркестерін грамматаикалық ережелер бойынша байланыстыра білу қабылеттері бағаланады.


Тыңдалым, лексика-грамматикалық және оқылым бөліктері бойынша тест тапсырмалары мүмкін болатын жауаптардан бір дұрыс жауапты тыңдау түрінде ұсынылады. Бұл бағыттың ерекшелігі бір мезгілде тапсырушылар саны мол қамтылып, нәтижесі жылдам өңделіп және берілетін технологиялық тиімділігіне байланысты.


Жүйенің жоғарыда аталған бөліктері бойынша жүйеге ауқымды тест тапсырмалар қоры жинақталған.