"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
«Латын графикасының негізінде жаңа қазақ әліпбиін ілгерлету бойынша ақпараттық жұмысы»

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қазақ тілін латын графикасына көшіру идеясын кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Нұршаңырақ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Латын графикасының негізінде жаңа қазақ әліпбиін ілгерлету бойынша ақпараттық жұмысы» әлеуметтік  жобасын іске асыру  үшін  кездесу  ұйымдастырылды.


Осы іс-шараға қала мекеме мен кәсіпорындарының, сондай-ақ ақпараттық - түсіндіру тобының мүшелері қатысты.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының ең бірінші бөлімінде «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау» - деп аталған. Елімізде осы мәселе бүгінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Қостанай облысында, қалалық, аудандық өлкелерде де жаппай түсіндіру жұмыстары жандандырылып жатқаны туралы айтты.


А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ практикалық лингвистика кафедраның меңгерушісі, филология ғалымдарының кандидаты, доцент, АТТ мүшесі  Журсиналина Гүлжанат Құрмашқызы қазақ жазуының тарихы, алғашқы жазулары және қазақ халқы пайдаланған  әліпбидің түрлеріне  толық  тоқталып  кетті.


Кездесу барысында көптеген келелі мәселелер талқыланып, сұрақтар қойылды. Халықтың көкейіндегі ойларын тыңдап, әрі өз білгендерімен бөлісіп қайтты.