"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
ҚАЗТЕСТ

2017 жылдың 25 қазанында Лисаков қаласында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы және Ұлттық тестілеу орталығы бірлесе отырып, мемлекеттік және бюджеттік қызметшілер арасында Қазтест жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау сынағы өткізілді. 


Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін 2014 жылы диагностикалық тестілеуге 145 түрлі сала қызметкерлері қамтылды, 2016 жылы 214 қызметкер ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестілеуден өтті. 2017 жылғы диагностикалық тестілеуге  265   адам ҚАЗТЕСТ байқау сынағына қатысты.


Жалпы ҚАЗТЕСТ диагностикалық тестілеуіне  қала әкімдігінің барлық бөлімдері, құқықтық қорғау органдарының қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, білім саласының қызметкерлері қатысты. Олар ішінде мелекеттік қызметшілер саны 67 адам, бюджеттік қызметшілер саны 197 адамды құрады.  Ұлттық құрам бойынша  қазақтар -135, 130-ы өзге ұлт өкілдері.


Жалпы тестілеудің қорытындысы бойынша А1-Қарапайым деңгейде 111 (42,18%), А2 –Базалық деңгейде-119 (45,22%), В1-Орта деңгейде – 25 (9,5%), В2- Ортадан жоғары- 9 (3,42%) адам тапсырды.