"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
Диалог

ТАНЫСУ

-Сәлем!

-Сәлем!

-Cенің атың кім?

-Менің атым Арман.Ал сенің атың кім?

-Менің атым Айжан.

-Танысқаныма қуаныштымын!

- Мен де қуаныштымын!

-Айжан, сен қайда тұрасың?

-Мен Қостанай қаласында тұрамын.

-Сен ше?

-Мен Лисаков қаласында тұрамын.

-Арман, сен қайда оқисың?

-Мен Лисаков техникалық колледжінде оқимын.

-Ал сен қайда оқисың?

-Мен Қостанай мемлекеттік университетінде, бірінші курста оқимын.

-Арман, сен неше жастасың?

-Мен жиырма жастамын.

-Сенің отбасында неше адам бар?

-Менің отбасымда бес адам бар: әкем,шешем,қарындасым, інім және мен.

 -Жақсы, маған телефон нөмірін берші!Араласайық!

-Менің  нөмерім міне.Сау бол!

-Рақмет! Сау бол!

 

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ

 

- Сәлеметсіз бе! Маған жұмыс керек.

- Сәлеметсіз бе! Сіздің мамандығыңыз қандай?

-Менің мамандығым құрылысшы.

-Жұмыс тәжірибеңіз бар ма?

-Иә, бар.Мен «Қуат» фирмасында үш жыл құрылысшы болып жұмыс істедім.

-Аты-жөніңіз кім?

-Зимин Андрей Евгеньевич.

-Қайда оқыдыңыз?

-Мен колледжде оқыдым.

-Отбасыңыз бар ма?

-Иә, әйелім, ұлым,  қызым бар.

-Бізге құрылысшы керек.

-Жалақысы қандай?

-Жалақысы 40 мың теңге.

-Түйіндемеңіз бар ма?

-Бар.Мінеки.

-Жақсы, біз сізге телефон шаламыз.Сау болыңыз.

-Сау болыңыз.

КІТАПХАНАДА

Cәлеметсіз бе! Мен кітапханаға жазылайын деп едім.

Сәлеметсіз бе! Құжатыңыз бар ма?

Иә, жеке куәлігім бар.

Сіздің аты-жөніңіз,тегіңіз кім?

Менің аты-жөнім, тегім – Абдуллин Болат Нұрланұлы.

 Сіздің туған күніңіз, жылыңыз қашан?

Мен 1991 жылы 5 қараша күні тудым.

Мекен-жайыңыз қандай?

Лисаков қаласы, бесінші шағын аудан, төртінші үй, оныншы пәтер.

Қайда оқисыз?

Мен колледжде, ЭК-О8 тобында оқимын.

Үй телефоныңыз бар ма?

Бар. 5-09-09.

Қолыңызды қойыңыз.

Сізге қандай кітап керек?

Маған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы керек.

Мінеки, алыңыз.

Кітапты қашан қайтару керек?

Екі аптадан соң.

Жақсы, рақмет. Сау болыңыз!

  Сау болыңыз!

 

 

АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІНДЕ

-Сәлеметсіз бе, маған ет керек.

-Сәлеметсізбе, бізде тауық еті, сиыр еті бар, сізге қандай ет керек?

- Тауық еті қанша тұрады?

- Бір келі тауық еті 670 теңге тұрады, аласыз ба ?

- Аламын. Сізде пияз бар ма?

- Бар. Бір келі пияз -80 теңге тұрады, қанша аласыз?

- Маған жарты келі пияз беріңіз.

- Жақсы, тағы да не керек?

- Бір қорап қара бұрыш беріңіз.

- 55 теңге тұрады.

- Тағы да бірдеңе аласыз ба?

- Жоқ , маған бұдан артық ештеңе керек жоқ.

- Мен сізге қанша төлеуім керек?

-  825 теңге.

- Мінеки ақша, рақмет! Сау болыңыз!

- Сатып алғаңыңызға рақмет! Келіп тұрыңыз!

 

В ПРОДУКТОВОМ МАГАЗИНЕ

 

Дана: Добрый день! Сколько стоит киллограм риса?

Продавец: Здравствуйте, 200 тенге.

Дана: Хорошо, мне еще нужно сливочное масло.

Продавец: Вот очень вкусное масло, килограмм 1600 тенге.

Дана: Тогда  мне  300-400 грамм пожалуйста.

Продавец:Что еще будете брать?

Дана: Граммов 400 конфет «Достық», пожалуйста.

Продавец: Вот возьмите.

Дана: Спасибо большо Продавец: Вот возьмите.

Продавец:Что –то еще нужно? Можеть быть хлеб?

Дана: Да, мне пожалуйста булку черного хлеба и пачку молока.

Продавец: Есть молоко фирмы «Деп»и «Лесное село».  Вам какое?

Дана:  Мне молоко фирмы «Деп». Сколько я должна заплатить?

Продавец: 1750 тенге. Досвидания . Приходите  еще.

 

ТҰРМЫСТЫҚ ХИМИЯ БӨЛІМІНДЕ

 

-Сәлеметсіз бе, маған сусабын  керек.

-Сәлеметсіз бе, бізде әр түрлі сусабын бар, сізге қандай  керек?

- «Чистая линия» сусабыны қанша тұрады?

-  370 теңге тұрады, аласыз ба ?

- Аламын. Сізде құрғақ шашқа арналған сусабын бар ма?

- Бар, мінеки, алыңыз.

- Маған кір сабын  беріңіз.

- Жақсы, тағы да не керек?

- Ыдыс жууға арналған құрал бар ма?

-«Sorti»   бар.

- Бағасы қанша?

-  320 теңге.

-Жақсы,   беріңіз.

- Тағы да бірдене аласыз ба?

- Жоқ , маған бұдан артық ештене керек жоқ.

- Мен сізге қанша төлеуім керек?

- 690 теңге .

- Мінеки ақша, рақмет! Сау болыңыз!

- Сатып алғаңыңызға рақмет! Тағы да келіңіз!

 

КИІМ ДҮКЕНІНДЕ

 

-Сәлеметсіз бе, маған  бір әдемі кешкі көйлек керек.

-Сәлеметсіз бе, бізде әр түрлі  кешкі көйлектер бар, сізге қандай  керек?

- Маған қысқа жеңмен, қара түсті, көйлек керек.

-  Мінекі, қараңыз, мына көйлек ұнайды ма ?

- Жоқ,  бұл көйлек өте қысқа, маған  ұзындау керек.

- Бар, мінеки, қараңыз.

- Маған бұл көйлек ұнады, мен киіп көрейінші.

- Жақсы,  көріңіз.Өлшеміңіз қандай?

-  Маған 46 өлшем  беріңіз.

-Мына көйлек маған үлкендеу, басқа көйлек бар ма?

- Бар,алыңыз

- Қандай әдемі көйлек маған ұнайды, бағасы қанша?

- 5 мың теңге.

-Аласыз ба?

-Иә, аламын, ораңыз. 

- Мінеки ақша, рақмет! Сау болыңыз!

- Сатып алғаңыңызға рақмет! Тағы да келіңіз!

  

В МАГАЗИНЕ ОДЕЖДЫ

 

Дана:  Здравствуйте, мне нужна теплая кофта

черного или коричневого цвета.

Продавец: Какой размер?

Дана: Сорок четвертый.

Продавец: У нас есть две красивые,новые модели.

Дана:  О, красивая модель, сколько стоит? Можно я примерю?

Продавец: 7 тысяч тенге. Примерьте конечно.

Дана: Мне нравится эта кофта, я беру.

Продавец:  Спасибо, что нибудь еще?

-У нас есть красивые вечерние плятья.

Дана: Мне нравится эта платье, сколько оно стоит?

Продавец:  22 тысячи  тенге.Это турецкая модель.

Дана: Мне нравится эта платье, но сейчас у меня нет денег, спасибо.

Продавец:  До свидания, приходите еще.

  

КЕҢСЕ ТАУАРЛАРЫ БӨЛІМІНДЕ.

 

-Сәлеметсіз бе! Жол дәптер бар ма?

-Сәлеметсіз бе! Сізге қалың дәптер әлде жұқа дәптер керек?

-Маған  3 жұқа, жол  дәптер беріңіз.

-Тағы да бірдене керек пе?

- Көк сиялы қалам бар ма?

- 15 теңгеден және 20 теңгеден бар, мінеки,  қараңыз.

- Маған 15 теңгеден бес қалам керек.

 -Сізден тоқсан теңге.

- Ұсақ ақша бар ма?

-Бар, мінеки.

- Қалған ақшаны алыңыз.

- Рақмет, сау болыңыз.

-Сау болыңыз.

 

АСХАНАДА

 

- Сәлеметсіз бе! Бүгін не бар?

- Сәлеметсіз бе! Бүгін тұшпара, картоппен ет, борщ және үй кеспесі бар.

- Қандай салаттар бар?

- Сәбіз салаты, қызылша салаты бар.

- Тұшпара нешеден?

- Бір порция жүз теңге.

-Маған бір порция борщ, сәбіз салатын және  тұшпара беріңіз.

-Сізге нан керек пе?

-Екі тілім қара нан беріңіз.

-Не ішесіз?

-Кофе бар ма?

-Жоқ, шай және компот бар.

-Маған шай беріңіз.

-Сүтпен әлде қара?

-Сүтпен.

-Жақсы. Тағы да бірдене аласыз ба?

-Жоқ, рақмет. Қанша  төлеуім керек?

- 350 теңге.

-Рақмет!Ас болсын!

  

В СТОЛОВОЙ

 

Дана: Здравствуйте, скажите, пожалуйста, есть ли салат оливье?

Продавец: Нет, оливье закончился, но есть салат с говядиной.

Дана: Хорошо, а он сколько стоит?

Продавец: 200 тенге порция.

Дана: Хорошо. Тогда дайте мне порцию салата с говядиной, плов, самсу из курицы и кусок хлеба.

Продавец: Что будете пить?

Дана: Дайте, пожалуйста, еще кофе.

Продавец: Кофе нет, есть компот и  чай .

Дана: Хорошо, давайте чай с молоком.

Продавец: С сахаром?

Дана: Нет, спасибо, без сахара.

Продавец: С вас 850 тенге.

Дана : Вот, пожалуйста.

Продавец: Спасибо. Приятного аппетита.

Дана: Вам спасибо. До свидания.

  

ДӘМХАНАДА

 

-Қарындас , мұнда келіңізші!

-Сәлеметсіз бе, мінеки ас мәзірі.

-Рақмет..... Маған көмек керек, мына салат дәмді ме?

-«Арман»салаты ма? Иә, өте дәмді.

-Чучвара деген тағам не?

-Бұл өзбек тұшпарасы, өте дәмді тағам.

-Ендеше маған «Арман»салатын, 1 порция чучвара, 1 стакан көк шай беріңіз.

-Екінші тағамдардан аласыз ба?

-Иә, маған 1 табақша өзбек палауын әкеліңіз.

-Нан керек пе?

-Иә, екі тілім қара нан әкеліңіз...

-Мінеки сіздің тапсырысыңыз.

-Мінеки сіздің шотыңыз.

-Мен сізге қанша төлеуім керек?

-Сегіз жүз отыз екі теңге.

-Мінеки ақша.

-Асыңыз дәмді болсын!

-Рақмет.

 

ДӘРІХАНАДА

 

-Сәлеметсіз бе, маған мұрын тамшылары  керек.

-Сәлеметсіз бе, бізде «Санорин», «Нафтизин» мұрын тамшылары бар, қайсысы керек?

-«Санорин» қанша тұрады?

- «Санорин» 250 теңге тұрады.

- Жақсы маған бір «Санорин», йод пен  мақтаны беріңіз.

- «Саноринді» күніне неше рет тамызу керек?

- «Саноринді» күніне 4-5 рет тамызу керек.

- Мен сізге қанша қарызбын?

- Сіз маған 440 теңге қарызсыз.

- Мінеки ақша, рақмет! Сау болыңыз!

- Сау болыңыз!

 

ДӘРІГЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА

 

-Сәлеметсіз бе!

-Сәлеметсіз бе!

-Қай жеріңіз аурады?

 -Маған суық тиді.Менің тамағым, басым ауырып тұр.

-Дене қызуыңызды  өлшейік.

-Жөтелесіз бе?

-Иә, әсіресе түнде жөтелемін.

-Қарайық, иә,  дене қызуыңыз 38 градус.

- Қазір мен сізге рецепт жазып беремін.Мына дәріні күніне үш рет тамақтан соң ішесіз.

-«Ингалипт» дәрісін нұсқаулық бойынша қабылдайсыз.

-Сіз оқисыз ба, әлде жұмыс істейсіз бе?

-Мен мектепте оқимын.

нықтама қажет пе?

- Иә, қажет.

-Ертең қан тапсыруға бесінші кабинетке сағат 12-ге дейін  келесіз.

-Келесі қабылдау – үш күннен соң.

-Сау болыңыз!

-Сау болыңыз!

 

АВТОВОКЗАЛДА

 

-Сәлеметсіз бе! Қостанайға дейін қазір   автобус бар ма?

-Сәлеметсіз бе! Қостанайға дейін келесі рейс екі жарымда және үшке он бес минут қалғанда болады.

-Балаға бір билет қанша тұрады?

-Бала үшін бір билет 300 теңге тұрады?

-Баланың құжаты бар ма ?

-Туу куәлігі бар, қараңыз.

-Жақсы, сізге  неше билет керек?

- Бала үшін бір билет және ересек адам үшін бір билет беріңіз.

-Қандай рейске билет керек?

- Екі жарымда болатын рейске беріңіз.

-Сізден 900 теңге.

-Мінеки, ақша.

-Рақмет!

- Жолыңыз болсын!

-Сау болыңыз!

-Сау болыңыз!

 

ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫНДА

 

-Сәлеметсіз бе! Темір жол вокзалы қайда орналасқан?

-Сәлеметсіз бе! Қазір мына көшемен Абай даңғылына дейін  тура жүресіз, темір жол вокзалын көресіз.

-Жаяу жүрсек неше минут керек?

-Жаяу жүрсеңіз, жарты сағаттай уақыт  керек.

-Рақмет, Сау болыңыз.

-Сәлеметсіз бе! Астанаға  дейін ертеңге пойыз бар ма?

-Сәлеметсіз бе! Астанаға дейін ертең 17.10-да пойыз бар.

-Маған плацкарт вагонына бір билет керек.

- Плацкартта бос орындар жоқ, купеде бар, бірақ тек қана жоғарғы сөреде.

- Жарайды,бір билет қанша тұрады?

-Бір билет 3 мың теңге тұрады.

- Құжатыңыз  бар ма ?

-Жеке куәлігім, қараңыз.

-Жақсы, мінеки сіздің билетіңіз.

-Рақмет!

- Жолыңыз болсын!

-Сау болыңыз!

-Сау болыңыз!

 

ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСУ

 

-Алло! Сәлеметсіз бе!  Дана үйде ме?

-Сәлеметсіз бе! Бұл кім?

-Мен Данамен бірге оқимын, есімім – Айнұр.

- Қазір шақырамын.

-Алло! Сәлем, мен тыңдап тұрмын.

-Сәлем! Қалын қалай?

-Бәрі жақсы.

 Дана  бүгін кинотеатрда жақсы фильм болады.Сен менімен барасың ба?

- Фильм нешеде болады?

- Фильм сағат жетіде болады.

- Фильм қалай аталады?

- Атауын білмеймін, романтикалық комедия екенін білемін, апам бұл фильмді көрді, өте қызық дейді.

- Жарайды,барайық. Сағат алты жарымда үйімнің қасында күтесің бе?

-Жақсы, келістік, мен сені күтемін.

-Сау бол!

-Сау бол!

 

ЖҰМЫС КҮНІМ

 

-Сен өз жұмыс күндерді жоспарлайсың ба?

-Иә, мен жұмыс күндерді үнемі жоспарлаймын.

-Сен жұмыс күндері сағат нешеде тұрасың?

-Мен таңертеңгі сағат жетіде тұрамын.

-Ал таңертеңгі тамағыңды сағат нешеде ішесің?

-Жуынып, жетіден он бес минут кеткенде таңертеңгі тамағымды ішемін.

-Үйден нешеде шығасың?

-Мен үйден сегізде шығамын.

-Сабақтар нешеден басталады?

-Сағат сегіз жарымнан бірге дейін сабақта отырамын.

-Оқу залында сабаққа әзірленесің бе?

-Мен кешкі беске дейін оқу залында отырып, сабаққа әзірленемін.

-Сағат нешеде жатасың?

-Сағат он екіде жатамын. Бұлай менің жұмыс күнім өтеді.

 

 

ҚОНАҚҮЙІНДЕ

 

- Сәлеметсіз бе! Сіздерде бос орындар бар ма?

- Сәлеметсіз бе! Иә, бос орындар бар.  Біздің қонақ үйге қош келдіңіздер! 

- Маған қымбат емес екі  кісілік  бөлме керек.

- Иә, екі кісілік нөмер бар.

-  Бір тәулікке қанша төлеуім керек?

-  Бір тәуілікке 6 мың теңге.                                                                          

- Қызметшіміз сізге бөлмеңізді көрсетеді.

-Мына сауалнаманы құжаттар бойынша толтырыңыз.

-Қонақ үйіңізде асхана бар ма?

-Иә , бар.Таңғы ас-  тегін, сағат 7-оо- ден 9-00- ге дейін.

-Рақмет, Сау болыңыз.