"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
Оқылым

ОТБАСЫ

Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем-зейнеткер. Әкем қырық жеті жаста, ол ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді. Шешемнің жасы қырық бесте, ол - жеке кәсіпкер. Ағам Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Қазір құрылыс фирмасында қызмет етеді. Оның жасы жиырма бесте. Қарындасым дарынды балаларға арналған мектепте оқиды. Ал мен өзім Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жол-көлік факультетінде оқимын.

Біздің отбасымыз Қарағанды қаласының орталығында, төрт бөлмелі пәтерде тұрады. Туыстарымыздың бәрі осы қалада тұрады. Біз жиі қатынасып тұрамыз. Біз өте тату тұрамыз. Біздің отбасымыздың достары көп. Мерекелерде кездесіп тұрамыз.

 

Сөздік

Зейнеткер-пенсионер

Жеке кәсіпкер - индивидуальный предприниматель

Жол –көлік-дорожно-транспортный

Туыс -родственник

Дарынды – одаренный

 

ОТБАСЫ-ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ

 

Мен 1994 жылы Қостанай облысы Таран ауданында  тудым. Менің атым Жанар. Біздің отбасымыз үлкен емес, отбасымызда 3 адам бар. Олар әкем, анам  және мен.Менің анамның аты Гүлнар. Ол Қазақстан темір жолында оператор болып жұмыс істейді. Анамның жасы 51-де. Анамның  шашы қара, ұзын , көзі қара , бойы кішкентай. Мінезі ашық, мейірімді.

Әкем - Ернар Айдарұлы бас есепші болып жұмыс істейді. Әкемнің жасы 52-де. Оның бойы ұзын, шашы қысқа.Ол өте салмақты, ақылды кісі.

Ал, мен өзім биыл мектепті бітірдім. Қазір А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бірінші курс студентімін. Менің болашақ мамандығым – инженер.

Менің нағашы әжем мен атам бар, олар Тобылда тұрады. Анам өз үйінің кенжесі, оның екі апасы мен бір ағасы бар. Нағашы апаларым Қостанай қаласында тұрады.Нағашы ағам да Тобыл ауылында тұрады.Оның әйелі, бір ұлы мен екі қызы бар.

 

Шағын – небольшая

Темір жол – железная дорога

Есепші –бухгалтер

 

ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР

ӨЗ ЖҰРТЫ

Әке/Көке - отец. Кстати "Көке" иногда называют старших братьев, распространено в основном на юге

Апа/тәте - тётя

Аға - дядя или старший брат.

Әпке  - старшая сестра. Так же старшой сестрой в центральном Казахстане называют "Апа"

Іні - младший братишка

Сіңлі - младшая сестренка

Туыс/тума - не очень близкие, но все же родственники со стороны отца

Бөле - дети родных сестер будут друг другу "бөле"

Жиен -внуки со стороны дочери.

Жиеншар - правнуки со стороны дочери

Жеңге - Жена старшего брата. Жену младшего брата называют как обычно"келин бала".

Жезде - Муж старшей сестры. А старшая сестра может называть мужа младшей сестренки "күйеу бала"

 

НАҒАШЫ ЖҰРТЫ

Нағашы ата - дедушка со стороны матери

Нағашы  әже - бабушка, со стороны матери

Нағашы Аға - дядя

Нағашы Апа - тетя

Балдыз - Младшие братишки и сестренки жены для мужа будут "балдыз"

Бажа -мужья родных сестер будут друг другу "бажа"

Абысын - жены родных братьев будут друг другу абысын.

Төркін - родственники вышедшей замуж девушки. Если проще, другое название родственников жены

ҚАЙЫН ЖҰРТЫ

Күйеу - муж

Құдалар - родственники со стороны мужа/жены

Қайын ата - отец мужа/жены

Ене (қайын ене) - мать мужа/жены

Қайнаға - старший брат мужа

Остальное так же іні, сіңлі, апа, әпке только с добавлением "қайын" - қайын іні, қайын сіңлі, қайын апа и т.д.

ҚҰДАЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР

Құдағи-сваха

Құда -сват

Құдаша- молодая сватья

Құда бала-молодой сват.

 

 

ӨМІРБАЯН

 

Мен, Серік Жүмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Қостанай облысы, Рудный қаласында  қызметкерлер отбасында  тудым.
Ата-анам бар: әкем - Ж. Қалымбетов Рудный  қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем  3. Қалымбетова  Рудный қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.

1990-2001 жылдар аралығында  №20 орта мектепте оқыдым. 2001 жылы  мектепті бітірген соң,  Қостанай әлеуметтік  техникалық  университетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім. Еңбек жолымды 2006 жылы  «Тенгиз Шевройл» компаниясында бастадым. Қазіргі кезде  «Қазмұнайгаз» компаниясында  бас инженер болып жұмыс істеймін.Мен  үйленбегенмін. Мекенжайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел.40-02-05.

 

Сөздік

Жекеменшік –частный

Кәсіпорын-предприятие

Мұнайшы-нефтянник

Әлеуметтік-социальный

Үйленбеген –не женат

 

ТҮЙІНДЕМЕ

Аты- жөні:          АЛМАТ ӘЛІМБАЙҰЛЫ АРАПБАЕВ
Азаматтығы :  Қазақстан Республикасы
Туған күні :   24.04.1984 ж.
Туған жері :  Алматы қаласы
Тұрғылықты жері : Алматы, Абай даңғылы, 35/5
Ұлты :  қазақ
Отбасы жағдайы : үйленбеген
Білім:    жоғары
2000-2005 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
факультеті: филология
мамандығы: ағылшын және испан тілі

 

Жұмыс тәжірибесі :
1. 2006-2007 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Астана қ.
Мамандығы: аудармашы
2. 2005-2006 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шетел тілдер кафедрасы
Мамандығы: ағылшын тілі оқытушысы
Тілдерді білуі :
қазақ тілі –ана тілі, орсы, ағылшын, испан тілдері –еркін, неміс тілі –сөздікпен
Қызығушылығы /ермегі/  теннис, кітап оқу
Жеке қасиеттері: жауапты, ұжыммен жұмыс істей аламын.  

 

Сөздік

Қасиет-качество

Ұжым-коллектив

Қауіпсіздік –безопасность

Қызығушылық-увлечение

Тәжірибе-опыт

 

 

ДОСЫМНЫҢ ПӘТЕРІ


Менің досым бар. Ол  тұратын үй бес қабатты. Оның пәтері үш бөлмелі. Пәтерінде  үлкен қонақ бөлмесі, екі жатын бөлме, қолайлы жуынатын бөлме, жарық ас үй және әжетхана бар. Қонақ бөлмесі кең әрі жарық. Есікке қарама-қарсы үлкен диван бар, еденде бөлменің ортасында әдемі, қоңыр кілем жатыр. Терезеде әдемі жасыл мен қоңыр түстер аралас перде ілуілі тұр. Диванға қарсы үлкен теледидар ілініп тұр, диванның үстінде, қабырғада екі әдемі сурет бар.

Қонақ бөлменің жанында жатын бөлме орналасқан.Жатын бөлме кең, ортасында екі кісілік кереует бар, қасында екі жақтан тумбалар тұр.

Жатын бөлменің оң жағында балалар бөлмесі. Ортада-дәліз. Дәліз- ұзын.

Досымның бөлмесі жарық және кең. Терезенің алдында үстел тұр, үстелдің қасында орындықтар, қабырғаның қасында үлкен кітап шкафы тұр. Досымның бай кітапханасы бар. Оған махаббат туралы романдар ұнайды.

 

Сөздік

Жатын бөлме-спальня

Қарама-қарсы-напротив

Қабырға-стена

Дәліз-коридор

 

 

 

МЕНІҢ ПӘТЕРІМ

Я живу в третьем микрорайоне. Мой дом – пятиэтажный.  Перед домом стоит школа. Моя квартира расположена на 2 этаже. Моя квартира     3-х комнатная:  это  спальня,  детская комната, зал и кухня. В кухне возле окна стоит  коричневый стол со стульями. Возле холодильника стоит газовая плита. Моя комната не большая, посредине комнаты стоит кровать на полу лежит ковер. С права в углу стоит шкаф, за шкафом пылесос.

В гостиной посредине комнаты лежит большой красивый ковер. Возле окна стоит   серый диван.  На стене висит телевизор. Гостиная комната светлая и просторная.

 

Сөздік

Холодильник –тоңазатқыш

Ковер-кілем

Пылесос -шаңсорғыш

 

 

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Ең алдымен өз мамандығының қыр-сырын үйренуге міндетті. Қай мамандық болсын, адамға көптеген талаптар қояды. Қазіргі заманда болашақ мамандарға қойылатын талаптардың бірі оның  теориялық білімі мен іскерлік қасиеттерін  ұштастыра білуі. Сонда ғана ол жақсы жұмысқа орналасып жұмыссыз қалмауы мүмкін.

Өзім  психология мамандығы бойынша оқимын. Болашақ мамандығым өзіме ұнайды. Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Жоғары курстарда мамандық  бойынша пәндер басталады.  Бірінші курсты аяқтап, шілде айында біз өндірістік практикаға барамыз. Біздің практикамыз мектептерде , балабақшаларда өтеді. Ол жерде біз әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз, балалар мен ересектермен  жұмыс істейміз. Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор. Университетті бітіріп жақсы маман болып,  алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер арасына кіруіне өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.

 

Сөздік

Қыр-сыры-тонкости

Талап –требование

Жалпы-общие

Зерттеу –иследование

Ересектер-взрослые

Бәсекеге қабілетті –конкуретно способный

Үлес-вклад

 

МЕНІҢ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІМ

Менің демалыс күндерім - сенбі және жексенбі   күндері. Демалыс күндер - қандай тамаша уақыт! Демалыс күнінде мен сағат 10-ға дейін ұйықтап аламын, үй шаруасын істеп, демаламын,  саябақта ұлыммен серуендеймін, кейде кафеге  достарыммен барамын. Өз қызымды  түрлі тәттілер пісіруге үйретемін.  Отбасымызбен бірге әжеме және атама ауылға  барамыз, оларға көмектесеміз, туыстарымызға қонаққа  барамыз не болмаса өзіміз қонақтарды қарсы аламыз. Кешкісін теледидар жанында жиналып  көп қызықты комедиялық немесе махаббат туралы фильмдерді қараймыз.

Мен бос уақытымда психологиялық тақырыптағы кітаптарды оқимын, тағы бір әуесім –шетел тілдерді үйрену-менің  ағылшын тілін білгім келеді, уақыт болғанда мен ағылшын тілін интернеттен, оқулықтардан оқып үйренемін.

 

Серуендеу-гулять

Қарсы алу-встречать

Әуес-увлечение

Уақыт болғанда-когда есть время

Білгім келеді-хочу знать

 

 

ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан – Еуропа мен Азияның орталығында орналасқан егеменді, ірі ел. Қазақстанның жер көлемі – 2, 7 млн шақырым. Елордасы – Астана қаласы. Жерінің аумағы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. /9 орын /Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6467 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км), және Қырғызстан (980 км)  республикаларымен шектеседі. Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады.

Қазақ жері ұлан-байтақ. Осы ұлан-байтақ далада шексіз байлық бар. Мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және басқа да байлықтар жеткілікті.

Қазақстан – біріккен Ұлттар ұйымына мүше ел. Қазақстан – демократиялық, құқықтық мемлекет. Ол басқа мемлекеттермен өз ақшасы арқылы сауда жүргізеді. Мемлекет басшысы – Президент.  Атқарушы билігі – республика үкіметі. Ақша бірлігі – теңге. Халқының саны – 15301,4 мың. (2006 ж. 1 шілде).

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ

Тіл дегеніміз – адамды адаммен, халықты халықпен жақындастыратын ерекше құрал. Сол себепті біздер достықтың құралы және еліміздегі бірліктің негізі ретінде тілді ерекше құрметтеуіміз керек. Ана тілінде әркімнің білім алуына жағдай жасау, олардың ұлттық мәдениетін дамыту – маңызды мемлекеттік стратегия.

Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі- бай тіл. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуде. Олар қазақ тілін арнайы курстарда, мектептер мен университеттерде оқиды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халыққа Жолдауында былай деп атап өтті: біздер қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеміз, көп ұлтты және көп мәдениетті келісімін бірегей ұлттың алға дамуын қамтамасыз етеміз."

Мемлекеттік тіл – Қазақстанның болашағы.

        

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛТАҢБАСЫ

 

Біздің Елтаңбамыз – шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Отбасы – шаңырақ, сіздің үйіңіз. Шаңырақ – қазақ елінің белгісі, рәмізі.

Шаңырақ – әлемдік геральдика тарихында тұңғыш рет пайдаланып отырған бейне. Шаңырағы бар Елтаңба тарихта болған емес.

Елтаңба композициясында – ай мүйізді, алтын қанатты пырақ бар. Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен өте байланысты, ал ат, жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі.

Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар.

Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын және көгілдір түстес.

Елтаңбаның авторлары танымал суретшілер – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУЫ

Мемлекеттік Туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Зеңгір көк – табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс – аспанның, ауа мен құрылықтың белгісі. Көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.Тудағы күн бейнесі, геральдика заңы бойынша, байлық пен берекенің белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндіктің белгісі. Ұлттық өрнек – қазақ халқының мәдениетін, өнерін білдіреді. Қасиетті көк байрақтың авторы халқымыздың талантты ұлдарының бірі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ

Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық рәмізі. Мемлекеттік Әнұран әр елде бар, ол мемлекеттің рәмізі болып табылады. Әнұран – мемлекеттің бірлік белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран өлең. Әнұран қоғамдасуға үндейтін, бірлескен іс-қимылға шақыратын, сана-сезімге психологиялық әсер ету жолымен жігерлендіруге, рухтандыруға бағытталады. Елдің намысын оятып, елдікке, бірлікке, еркіндікке шақыратын үндеу, ортақ қимыл-әрекетке шақыратын дабыл.

Қазақстан Республикасының Әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнұранның музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ

 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы.

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

 

АСТАНА –БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

 

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана. Ол – бұрынғы Ақмола қаласы. Қала 1824 жылы салынған. 1961 жылға дейін қала – Ақмол, 1961 жылдың 24 сәуірінен бастап Целиноград деп аталады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан республикасының жаңа астанасы болып жарияланды. Ал Президенттің 1998 жылдың 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.

Қала Сарыарқада, Есіл өзенінің екі жағасында орналасқан. Ертеден Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған ірі тасымал торабы.

 «Астананың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі» деп аталатын бағдарлама бойынша бой түзеген көрікті үйлер, «Океанариум», «Дарын орталығы», «Салтанат сарайы», «Бәйтерек», Астана әуежайы, Елбасының резиденциясы - Ақорда осының бәрі ғажайып ертегілерді еске салады.

Қазір Астанада С.Сейфуллин атындағы аграрлық университеті, Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана мемлекеттік медицина академиясы, педагогикалық, медициналық колледждер, бірнеше кәсіптік білім беретін оқу орындары бар.

Астана ХХ ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді.

 

ТУҒАН ЖЕР

 

Туған жеріміз – Қазақстанда теңіз де, басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек орман – тоғай да баршылық. Көз жеткісіз жазықтар мен қыраттар да аз емес.

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәттен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.

Жер-ана бізге бәрін береді, оның жомарттығында шек жоқ: аппақ ұнынан иісі бұрқыраған ақ нан пісірілетін ақ бидай да жерден өніп шығады. Күлте жал жылқы, семіз қой, шаңырақ мүйіз сиыр, күші мен төзімділігіне адам таң қалатын түйе де сен туған жерден өніп-өседі, адамға қызмет етеді. Сол төрт түлік малдың ең басты қорегі –  жусан мен көк шалғын, жасыл бидайық та жер-ананың төсінде өседі. Өзің шөлдегенде ішетін, шешең әлсін-әлсін шай қайнатып, ас пісіретін, күнде сен жуынатын, өсімдіктердің тіршілік көзі боп табылатын суды да біз жерден аламыз. Су ішетін кесең, тамақ жейтін қасығың, балабақшада өзің ойнаған алуан түрлі ойыншықтар да жер қойнынан шыққан заттардан істеледі. Оқитын кітабың, жазатын дәптерің, қолыңа ұстайтын қалам мен қарындашың да сондай.

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛҚЫ

 

2009 жылдың 25 ақпанында елімізде Ұлттық халық санағы өтті. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғанан бері екінші рет өткізіліп отыр. Өткен санақтан бері он жыл өтті. Бұл еліміз үшін аза жауапты әрі маңызды іс-шара болып табылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық халық санағының үндеуінде «Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол – қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі», -деп айтылған.

Халқымыздың өсіп-өркендеуі, мемлекетіміздің нығаюы – баршамыз үшін ең маңызды міндет. 1994 жылы өткен тәуелсіз Қазақстан Республикасында 16 млн. 854 мың адам болды.

Еліміздің өсіп-өркендеуі мақсатында, болашақты болжап, стратегиялық  бағыттарымызды тағы да айқындай түсу үшін, халықтың әл-ауқатын одан жақсарту үшін мемлекетке ел, жер, экономика, әлеуметтік жағдай жөнінде нақты мәліметтер қажеттілігінен елімізде Ұлттық халық санағы жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі 2009 жылғы Халық Санағында республикамызда 16 млн. 402 861 адамның тіркелгенін хабарлайды. («Заң газеті», №44, 26 наурыз, 2009 жыл). Бұл адамдардың 50,4 пайызы қалада, 49,6 пайызы ауылда тұратынын, сондай-ақ оның 47,9 пайызы ерлер, 52,1-і әйелдер екенін анықтады. Ел халқының 67 пайызы жергілікті ұлт өкілдері.

 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ

Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Қазақстан Евразия материгінің ортасында орналасқан.

Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі.

Жерінің көлемі 2724,9 мың шаршы км. Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау түбегі орналасқан. Қазақстанның оңтүстік –шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.

Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Сарыарқада Қарқаралы, Ұлытау тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетпақдалаға ұласады.Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу деп аталады.

 

 

ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ

 

Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында орналасқан.

Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.

Республиканың оңтүстік-батысында Маңқыстау түбегі орналасқан. Маңқыстаудың шығысында Үстірт шөлді қыраты (биіктігі 340 м-ге дейін) бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Орал тауының оңтүстік сілемдері мен Мұғалжар (биіктігі 657 м) таулары бар. Ал Мұғалжардың солтүстік-шығысында Торғай қыраты (биіктігі 200-400 м) бар, бұл қырат оңтүстікте Тұран ойпатына Қызылқұм (биіктігі 53-332 м) кіреді.

Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.

Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың жұрнағы сияқты. Сарыарқада Қарқаралы (1,366 м), Ұлытау (1,133 м) т.б. тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетбақдалаға ұласады. Оның  оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетбақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу аталады.

Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай тауларының сілемдері, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының (4,463 м) жоталары орналасқан.

 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОРЫҚТАРЫ

 

Елімізде өсімдіктер мен жануарларды арнайы қорғайтын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Елімізде 9 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер үкімет қамқорлығында.

Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ  (Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.

Марқакөл қорығы – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы мемлекеттік қорық. 1976 жылы ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты-бағалы хайуанаттарды, құстарды, балықтарды және сүтқоректілер мен өсімдіктерді табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Орманы аң мен құсқа бай. Онда балықтың-4, сүтқоректілердің-59, құстардың-250-ден аса түрі мекендейді. Қорық жерінде алуан түрлі палеонтол, қазба байлықтар көп. Бүгінде қорық аумағындағы табиғи кешендерді ғылыми тұрғыдан тексеріп, бұрынғы қалпында сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Қорғалжын қорығы – Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз, Қорғалжын көлдері енеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41 -42°С суық болса, шілдеде температура  -38 -39°С-қа жетеді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, қос мекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тірішілік етеді. 1960жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45-60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15 мыңдай ғана қалды. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Осындай аймақтарға байланысты көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» күнделігі жазылып келеді.

 

ДЕМАЛЫС

Дәулеттің отбасы жазда Бурабайдағы демалыс үйлерінің бірінде демалды. Олар тоқтаған демалыс үйі “Алтын орман” деп аталады. Жаздыгүні орман іші керемет әрі тыныш. Олардың отбасы орманды аралады. Орман ішінде саңырауқұлақтар мен гүлдер бар. Орманда қарағай, шырша тағы басқа ағаштар өседі. Орман ішінен әр түрлі құстардың үні естіліп тұр. Балалар жаңғақ теріп, бұлбұл мен көкекті көрді. Түстен кейін күн өте ыстық болды. Олар көлге шомылуға барды. Көлдің суы жылы әрі таза. Жағажайда демалушы халық көп. Бурабайдың ауасы да, суы да тамаша!

 

ҚАЗАҚСТАН КЛИМАТЫ

 

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылықта болуы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.

Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің қатты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады.

Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл бүкіл жыл бойына мол су деңгейлерін сақтайды. Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі – деңгейлерінің маусымдық және жылдық ауытқу мөлшерінің өте жоғары болуы. Шағын көлдер қуаң жылдары түгелдей тартылып, құрғап қалады. Басты көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті. Орта ендіктерде орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары таралған. Қиыр солтүстігінде орманды – дала зонасы қалыптасқан; бұл оңтүстікке қарай далаға, шөлейтке және шөлге ауысады. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде биік таулы аймақтар алып жатыр. Бұл өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты конденсаторы болып есептелінеді. Қазақстан жер аумағының 3,3 бөлігін орман алып жатыр. Ормандарда негізінен жапырақты және қылқан жапырақты ағаш алқабы басым өседі.

 

ТАБИҒАТЫ ҒАЖАП ҚАЗАҚСТАН

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі кездеседі. Қазақстандағы  Тянь-Шань тауының  Хан Тәңірі шыңы. Оның биіктігі – 6996 метр. Республиканың ең көрікті жерлерінің бірі Қарқаралы.  Қарқаралы Қарағанды облысына қарайды. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Орманды, тоғайлы жер. Қаланы орман, тоғай қоршап тұрады. Тоғай ішінің ауасы мен жемісі адамға шипа. Сондықтан да бірнеше демалыс орындары, санаторий салынған. Олардың іші таза, жарық, кең, биік. Бұл демалыс орындары мен санаторийге жылына жүздеген адамдар келіп дем алады, емделеді.


Қазақстан территориясының ауқымдығына қарай ауа райы да әр түрлі. Табиғаттың әсемдігін көріп, сүйе білетін адам, оны қорғаудың қажеттігін сезініп, түсінеді. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі – табиғат. Табиғаты әсем сұлу қалалардың қатарына Алматы қаласын жатқызуға болады. Алматы – Алатаудың қасында орналасқан. Алатау – биік, әдемі тау. Алатауда Медеу спорт кешені бар. Халық әр жексенбіде Медеуге барып демалады. Оқушылар, студенттер Медеуге көп барады. Медеуге үлкен кісілер де, сырттан келген қонақтар да барды. Алатаудың басында қысы-жазы қар жатады. Қазақстандағы ең биік тау – Алатау тау.

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Табиғат – күрделі де жұмбақ құбылыс. Адамзат әлі табиғат қырларын толық ашып біткен жоқ. Жер табиғатының да небір ашылмай жатқан құбылыстары өте көп.

Қазіргі кезде адамдарды да, ғалымдарды да жер табиғатын таза ұстау, оны күту, аялау мәселелері үшін күресуде. Экологиялық мәселе – мәселелердің мәселесі.

Экологиялық  пост, аймақ, аудан  және орталықтар құрылуда.

Жер адамзат үйі. Оны күтіп аялауымыз керек.

Ортаның ластануынан адамға және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне орасан зор шығындар келеді.

Тұщы су мәселесі – болашақтағы басты мәселе. Өте күшті ластанған өзендердің қатарына Рейн, Дунай, Сена, Тибр, Волга, Днепр, Ніл, Ганг өзендері жатады.

Әр түрлі жану нәтижелерінде миллиардтанған газ тонналары ауа қабаттарын ластайды. Осының нәтижесінде қышқылды жаңбырлар пайда болады. Олар өнімнің түсімін кемітеді, орманды және басқа өсімдіктер жамылғысын құртады, тұщы судағы тіршілікті жояды.

 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУ

 

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының  2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Жарлығы – 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап»  1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және сирек кездесетін аңдар мен құстардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы құрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат комитеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттап, республикадағы экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді.Республика табиғатын қорғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық және эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады.  Егер сен өз Отаныңның жанашыр азаматы болсаң, оны құрметтеумен қатар, болашақта гүлдене түсуіне қолыңнан келген үлесіңді қосуың қажет.

 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

 

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен жєне адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрлері (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б қазба байлықтары мен түсті металдарынан күнделікті тұрмыста қолдануға түрлі тұрмыстық заттармен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.

Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста Ақтау мен Маңғыстауда мұнай, газ өндірсе, Шығыста Өскеменде фосфор, Орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді. Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалар екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі. "Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше  шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығарылады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шетелдік компаниялалардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

АЛТЫН ЗАҢ – АТА ЗАҢ

Әрбір мемлекет қоғам тіршілігінде тәртіп болуын қадағалайды. Тәртіп болу  үшін заң шығарады. Біздің алғашқы Ата заңымыз 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда қазіргі Ата заңымыз қабылданды. Яғни ең негізі, ең басты заң – «Ата Заң» немесе «Конституция» (латын сөзі «constitutio»). Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостаңдықтары» делінген. Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге туғанынан тиесілі. Республика азаматтарының құқықтары мен міндеттерін Конституция анықтайды.

 

 

 

ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕМІЗ ТУРАЛЫ

 

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.

Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.

Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.

Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдғы үлкен жетістік.

 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  «ҚЫЗЫЛ КІТАБЫ»

«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының түрлерді сақтап қалу туралы Комисиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Фактілердің Қызыл Кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды.

Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16 қантарындағы қаулысы бойынша бекітілді. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық  көрді. Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер – 37, құстар – 43, бауырымен жорғалаушылар – 8, қосмекенділер – 1 және балықтардың 4 түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып немесе жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану туралы толық  мәліметтер бар – негізгі құжат. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері еліміздің барлық территориясында ерекше қорғауды қажет етеді; бұл түрлерді ұстауға (жинауға) қатаң тыйым салынған.

Қоқиқаз (Фламинго). Саны кеміп келе жатқан, республикамыздың түрлі аудандарында ұялайтын қоқиқаздың Евразияның ең солтүстігіндегі  ұялайтын қонысы болып табылады. Бұл құстың тобындағы саны жылма – жыл 5 мыңнан 50 мыңға дейін ауытқып отырады. Су қоймаларының гидрологиялық  жағдайының бұзылуы және ұялайтын уақытта құстар жиналған жерде адамдардың болуы қоқиқаз үшін аса қауіпті.

 

 

ЖЕР ТҰРҒЫНДАРЫ

 

Жер планетасы жеті құрлықтан тұрады: Австралия, Антарктида, Африка, Азия, Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка. Құрлықтардың әрқайсысында түрлі елді мекендер, таулар, өзендер, көлдер, шөл далалар, шалғынды жазықтар, ормандар, қалалар сияқты ландшафттар бар.

Құрлықтарда 6 миллиардтан астам тұрғындар өмір сүреді. Олардың қоныстануы әр түрлі. Мәселен, тұрғындары ең аз қоныстанған құрлық – Австралия. Ал, Европа құрлығы аумағы ең кіші құрлық болғанменен, халқы тығыз қоныстанған. Жер тұрғындары нәсіліне қарай төртке бөлінеді.

Ұлттар, ұлт өкілдері ортақ тарихы, генетикалық жақындығы, дәстүріне орай белгілі бір мемлекеттерді құрайды. Әр халықтың өз салты, тілі, діні бар. Кейбір тілдер кең таралған. Мысалы, ағылшын тілі – әлемнің барлық елінде қолданылады. Сол сияқты өлі тілдер, жасанды тілдер де бар.

Салт-дәстүрлер әр елде әр түрлі. Ол сол халықтың наным-сенімімен, тарихымен тығыз байланысты.

Әлем халықтары әртүрлі діндерге табынады. Табынушылар саны көп діндер – ислам, христиан, иудаизм, буддизм, конфуциандық, индуизм, синто және даосизм діндері. Өзге діндерге сикхизм, джайнизм, бахаизм және зороастризм, тағы басқалар  жатады.

 

 

Жаңа сөздер:

 

құрлық

наным-сенім

қоныстану

нәсіл                      тұрғын

дәстүр                   шалғынды жазықтар

жасанды

 

 

АСТЫҚТЫ ӨЛКЕ –ҚОСТАНАЙ

 

Қостанай облысы - Солтүстік Қазақстанда орналасқан, 1936 жылы негізі қаланған. Оның аумағы 2010 жылдың қаңтар айында 196 мың шаршы километрді құрайды ( Қазақстанның жер көлемінің 7,7% ), халқының саны – 886,3 мың адам ( республика халқының 5,6%).

Әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы құрылған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. Облыстағы  қалалар - Қостанай, Рудный, Жітіқара, Арқалық және  Лисаковск.

Облыс Қазақстан Республикасының төрт облысымен ( Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябинск, Қорған) шекараласады.

Қостанай өңірі – астық, мал шаруашылығына мамандырылған аймақ, жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай болғандықтан, тау-кен  өндірісі де жақсы дамыған. Осында Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Краснооктябрь боксит кен басқармасы, «Қостанай минералдары» сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

Қостанай өлкесі  – Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Бейімбет Майлин  сияқты ұлы адамдардың туған жері.

 

САМЫЕ ПОПУЛЯРНЫЕ МУЗЕИ МИРА

 

В мире существует множество различных музеев. Некоторые из них, конечно же  лидеры: Лувр в Париже, его старый конкурент – Британский Музей в Лондоне и другие.

 

Необычные музеи

Есть также и необычные музеи. Например, Музей Лжи, где вы можете найти только подделки, такие как накладные усы Гитлера, ковер-самолет или радио с «Титаника».

 

Музей Мадам Тюссо

Путешествуя по Лондону посетите  Музей Мадам Тюссо. Это уникальный музей, где можно увидеть восковые фигуры исторических деятелей, кинозвезд, звезд спорта и   убийц.


Виртуальные музеи

Если вы и вовсе не захотите выходить из дому, тогда добро пожаловать в мир Виртуальных Музеев. И от них вы также получите большое удовольствие.

Бәсекелес-конкурент

Таңғажайып-необычный, удивительный

Жалған-ложь

Кісі өлтіруші-убийца

Бірегей-уникальный

Балауыз мүсіндер-восковые фигуры

Жасанды бұйым-подделка

 

МӘДЕНИ МҰРА – АЛТЫН АДАМ

 

Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты- алтынды «аң тәсілді» өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі- әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, бір тума ескерткіш. 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» кейпі. Оны алғашқы ашып, әлемге танытқан ғалым- археолог Кемел Ақышев. Бұл обаға б.з.д. Ү-ІҮ ғасырда өмір сүрген 17-18 жас шамасындағы Сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттармен қоса жерленген.

Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның «Алтын адам» аталуы да сондықтан.

Сонымен қатар, ағаш ыдыс-аяқтар т.б. заттар қойылған. Соның бірі- 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны ғалымда «Есік жазуы» деп атайды.

«Алтын адам» киімі- сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы.

Бұл тек құнды архелогиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры.

Осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді.

Алтын адамның түпнұсқасы Алтын және бағалы металдар мұражайында сақталған.

 

 

Дені саудың-жаны сау.

Денің сау болу үшін салауатты өмір сүру керек. Салауатты өмір сүру неге байланысты?

  1. Спорттың денсаулыққа әсері.
  2. Дұрыс тамақтанудың ерекшеліктеріне.
  3. Тіс және оны дұрыс күтуіне.

Ел президентінің Қазақстан – 2030 жолдауында әрбір адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру – мемлекеттің негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.

Денің сау болсын десең мынандай негізгі ұстанымдарға сүйен.

Спортпен шұғылдану (күн ара жаттығу (аптасына үш рет);

Темекі шекпеу керек;

Алкогольдік ішімдік пен есірткіні қолданбау керек.

Дәстүрлі әдістер

Таңертеңгілік жаттығулар, жәй жүгіру немесе жылдам жүру, жүзу, сапарлар немесе ұзақ қыдыру, саяхат шегу, түрлі ойындар, велосипед және шаңғы, саяжайда белсенді демалу. Осы аталған құралдарды күнделікті және өмір бойы қолдануға болады.

Таңертеңгі ас- ботқалар, жемістер мен сүт өнімдерінен тұруы керек. Таңертеңгі қара нан, жүгеріден, сұлыдан жасалған нанды жеу керек.

Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы:

Түскі ас- дәрумендерге аса бай болу керек.

Күріш сорпасы, жүгері, қарақұмық сорпаларын ішкен жөн.

Түскі аста ет өнімдерін қолданған жөн.

Кешкі ас- пісірілген құс етінен, балық етінен тұру керек.

Кешкі астан кейін айран, сүт өнімдерін пайдаланған жөн.

Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны алуға болмайды.Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды.Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп,әрдайым салауатты өмір салтын ұстануы керек.

“Денсаулық баға жетпес

асыл қазына”- деген қазақ халқы.

“Бірінші байлық- денсаулық”

деген халқымыз.

 

ҰШАҚПЕН САЯХАТ ЖАСАҒАНДАРҒА КЕҢЕС

Ұшақ бөгелген уақытта сақтау камерасын

қолдану құқығыңыз бар.

Егер рейс: - 2 сағаттан көп бөгелетін болса,

онда сіздің екі рет телефон шалу мен екі рет

хабарлама жіберуге құқығыңыз бар.

 

- 4 сағаттан көп бөгелсе, компания

қызметкерлерінен ыстық тамақ талап ете аласыз.

- 7-10 сағатқа кешіксе, компаниядан қонақүй

 сұрай аласыз.

- Ұшақ күрделі мәселе есебінен бөгелсе,

 билет ақшасын

(сағатына 25 пайыз, бірақ билет бағасының 50 пайызынан аспауы керек) қайтарып береді.

 

ПОЙЫЗБЕН САПАР ШЕГУ

Менің атым Ксения. Мен Семейденмін. Мен медицина академиясының екінші курсында оқып жүрмін. Жазғы демалыста ата анама барып тұрамын. Олар Семейде тұрады. Семейге дейін ұшақ, пойыз және автобустар барады. Студент болған соң. ұшаққа отырмаймын. Билеті қымбат болғандықтан пойызбен жүремін. Өткен жолы да пойызға отырдым. Темір жол бекетіне кіріп, ең алдымен анықтама бюросына бардым.

- Кешіріңіз, Семейге дейін қандай пойыз жүреді? Қай кассадан билет сатып алуға болады? Қай платформаға шығуым керек? Қай жолдан жүреді? Купелі вагонға билет бар ма?

- Семейге екі жолаушылар пойызы жүреді. Біреуі жүрдек пойыз. Кестені қараңыз. Пойыздың келуі де, кетуі де анық көрсетілген. Бесінші кассадан билет сатып алыңыз. Купелі вагонға да, плацкарт вагонға да билеттер бар. Пойызыңыз екінші платформаға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді.

Келесі күні мен досыма билет алғыздым. Ол мені шығарып салуға темір жол бекетіне келді. Менің қол жүгім ауыр еді. Перон басы ығы-жығы халық: жүк көтерушілер, жолаушылар, шығарып салушылар, қарсы алушылар өте көп. Алтыншы вагонды іздеп келе жатырмыз.

- Мынау алтыншы вагон ба?

  - Иә, алтыншы вагон. Мен жолсерікпін. Билетіңізді көрсетіңіз. Жолаушы      кім?

- Мен. Билетім міне. Менің орным қай купеде? Орным жоғарыда ма, әлде төменде ме?

Жолсерік бәріне жауап берді. Мен төсек орын алып, төменгі орынға орналастым. Пойыз дәл белгіленген уақытында жүріп кетті.

 

ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ (1659-1765 жж.)


Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан зандарының жинағын" өңдеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласьш жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқынынан босатып алуға белсене атсалысты.

XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына мүлде карсы болған. Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.
Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен.

 

ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ  (1657-1756 жж.)

Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауыңда дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі.

Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Ол кезде қазақ пен жоңғар хаңдықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметгер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне де ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістанды Қазақ хаңдығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталықка бағындыру, бір ғана Қазақ хандығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын құру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді.

Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкентте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты.
  Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.


Әйтеке би Байбекұлы (1644-1700 жж.)

Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Әйтеке би ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болцы. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

Әйтеке би 25 жасынан бастап алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрды. Тәуке ханнан бері дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, Жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен дейді.

Ол Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында жерленген.

 

ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ ӘУБӘКІРОВ

Сынаушы ұшқыш, СССР Қорғаныс министрлігі әскери-әуе күштерінің Микоян атындағы конструктор бюросының қызметкері, Совет Одағының Батыры атағын 1988 жылы алған.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарқаралы ауданындағы «1 Май» совхозында туды. Ол ауыл мектебінен сегізжылдық білім алды, мектепте алғыр, пысық оқушы ретінде көзге түсті.

Тоқтар жас кезінен-ақ ұшқыш болуды армандаған еді. Тіпті оның балалық ойындарының өзі тәуекелге толы, қиын да күрделі жағдайлардан тайсақтамайтын болған. Ұшқыштар даярлайтын оқу орнына түсудің оңай емес екендігін білген арманшыл бала өзін осы кәсіпке жасынан дайындады. Бірақ тағдыр адамның айтқанымен жүрмейді ғой. Ол он бес жасында еңбекке араласты. Тұрмысы  қиындап, Теміртаудағы әпкесінің үйіне көшіп келді.

Теміртауда Тоқтар әуелі асханада жүкші болды. 1962 жылы құю механикалык заводқа шәкірт болып еніп, аз уақатта танымал шебер дәрежесіне көтерілді.

1963 жылы Тоқтар заводта жұмыс істей жүріп кешкі мектепте оқыды. Оның үстіне Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы аэроклубта дәріс алды.

1965 жылы ол Теміртау қалалық эскери комиссариатына өтініш беріп, Армавирдегі әуе училищесіне окуға кетті. Оны 1969 жылы инженер-ұшқыш мамандығы бойынша лейтенант шенімен тәмамдады. Бұдан кейін Қиыр Шығыста әскери бөлімдерде қызмет етті.

Тапқыр да табанды, білімді әрі жүректі жігіт жолдастарының көзіне бірден түсті, 1976 жылы сынаушы-ұшқыш - мектебін бітіргеннен кейін Қорғаныс министрлігінің Микоян атындағы конструктор бюросына жұмысқа шақырылды. Қазір сонда жұмыс істеп жүр.

1988 жылдың қараша айында «Правда» газетінде бүкіл облыс жұртшылығына қуаныш әкелген хабар шықты. Онда Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың Кремльде Совет Одағы Батырының Алтын жұлдызы мен Ленин орденін алғаны жазылған.

Қазір сынаушы-ұшқыш, біздің жерлесіміз Әубәкіров тағы да талай маңызды тапсырмаларды орындау үстінде...

 

ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899 – 1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ. Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр.  Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі.

Ол – геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

 

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер

 

Қазақтарда отбасы мен некеге қатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бірі Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіруді әрқашан ойластырып жүреді. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын. Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын:құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларғақұйрық-бауыржегізеді. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың калың малын төлейтін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған. Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін.

 

Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.


Қазақстан экономикасын көтеру, сондай-ақ халықтың басым бөлiгiнiң өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысының өзектiлігіне себепшi болды. Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыру орта мерзiмдi перспективада тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты талап етедi.Осыған байланысты Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) негізгi бағыттары тұрғын үйдiң құнын арзандату арқылы халықтың қалың жiгi үшін қолжетiмдi тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге несиелендіру мерзiмдерiн ұзарту, несиелендірудiң бастапқы жарнасы мен мөлшерлемелерін азайту болып табылады.

«Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында қолжетімді баспана мәселесін ерекше атап көрсетті. Әрине, бұл – үлкен мәселе. Қазір Үкімет арнайы бағдарлама дайындап жатыр. Осы бағдарлама бойынша, тұрғын үйлер салынады. Ұзақ мерзімге жалға беріледі. Кейін сатып алуға болады. Жоспар – тұрғын үй алаңын бір миллион шаршы метрге жеткізу, жарты миллион жас отбасыға баспана беру. Бұған мемлекет көп қаржы бөледі. Құрылыс саласын дамытады,.-деді.

«Казақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі өз қызметін мынадай үш стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырады:

  1. Тұрғын үй құрылыс дамыту
  2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді жетілдеру
  3. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты жаңғыру және дамыту

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «2020 жылға дейінгі қолжетімді тұрғын үй» – бағдарламасының жобасы әзірленіп жатыр.

Атап айтқанда, мынадай бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысының көлемін өсіру және қолжетімдігін қамтамасыз ету ұсынылады:

  1. Жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй салуы, оны тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатуы.
  2. Кезекте тұрғындар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу
  3. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жас отбасылар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу
  4. «Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үй салуы
  5. Жеке тұрғын үй құрылысы
  6. Инженерлік – коммуналдық инфрақұрылым салу

 

Жас отбасы бюджеті.

Мысалы екі адамнан тұратын, отбасылық бюджетті енді ғана бірлесіп жүргізе бастаған жас отбасының қаржы жоспарын қарастырайық. Сондай-ақ жас отбасында 200 000 теңге несие (кредит) бар десек, жас жұбайларда қосымша ақша жинау үшін қаржы мүлде қалмайды. Мұндай жағдайда бірінші кезекте барлық күшті берешекті жоюға салу қажет. Сондай-ақ отбасылық бюджетті қалыптастыруға арналған тәсілді өзгерту қажет. Егер қазіргі жағдайда оның пассиві көп болса және негізінен отбасының ағымдағы қажеттіліктерінен тұратын болса, болашақта бюджет кіріс әкелетін активтермен толықтырылуы тиіс.

Бюджетті қалыптастыру жолдары қандай?Бюджеті барынша шектелген жоғарыдағыдай отбасының шығыстарын қысқарту, әрине күрделі болады. Сондықтан негізгі күш несиені тезірек өтеуге аударылады. Несиеден құтылса, жас отбасына қаржылай қор жинау үшін “артық” ақша пайда болады. Екінші кеңес: отбасының тұрақты қорын қалыптастыру толық аяқталғанша қарызға ақша алмау және несиеге ірі тауарлар сатып алмау керек. Үшіншіден, отбасы шығын жұмсалатын жерде үнемдеу керек, бірақ ешқашан тұтынудан үнемдемеу қажет.

Кез келген компанияның жетістігі көбіне оның өз ресурстарын қалай жұмсайтынына қатысты болады. Отбасылық экономиканы кез келген кәсіпорынның экономикасымен салыстыруға болады. Қаржы жоспары неғұрлым айқын және жан-жақты болса, компания немесе жеке отбасы соғұрлым табысты болады. Сондықтан шығыстарыңыз бен кірістеріңізді нақты көре білсеңіз, өз ақша ағыныңызды инвестициялау мүмкіндігіңіз бойынша жоспар жасай аласыз. Осылайша сіз өз ақшаңызды тиімді басқара аласыз.

 

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Замандас келбеті.

 

Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.

Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.

Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 10 студент оқиды. Оның 4-еуі қыз, 6-ы ұл. Біз бәріміз құрдаспыз. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.

Мысалы Асел, Гүлдана - қазақ, олар орта бойлы, шаштары қалың, ұзын, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар.

Ал, Оляның ұлты – орыс, ол ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған.

Оляның көзі үлкен. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.

Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Қанат пен Рустам – қазақ, қараторы, шаштары қысқа қиылған. Рустам денелі, кең иықты,ал Қанат арық. Святослав, Дима, Сергей, Виктордың ұлты – орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты.

 

Ауру- астан

 

Ас, – адам өмірінде маңызды орын алады. Ас арқылы адам ойлайды, жұмыс істейді, сөйлейді, оқиды, жазады, тыңдайды, қуанады, ұйықтайды. Сондықтан деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек.

Қазіргі кезде тамақтың түрі өте көп. Дүкендерде жартылай дайындалған тағамдарды кең түрде сатылады. Әсіресе, шет мемлекеттерден біздің елімізге дайын күйіндегі тағамдар көптеп әкелінеді. Оларды жиі қолданып, жей беруге де болмайды.

Тамақты уақытында ішудің де денсаулығымызға үлкен әсері бар. Себебі, адам ағзасы тамақ арқылы ғана қажетті дәрумендермен, соның ішінде белок, май, көмірсу, минералдық заттармен қамтамасыз етіледі. Осылардың ішінде белоктың алатын орны ерекше. Ғылымда белокты протеин деп атайды. Ол «бірінші орын алушы» деген грек сөзі. Белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық клеткалары осы белоктан тұрады. Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей белоктан тұрады.

Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіне айран, қаймақ ақ ірімшік, құрт, жент, бие сүтінен – қымыз, түйе сүтінен – шұбат, тағы басқалар ерекше бағаланады.

Біздің әрқайсымызға тәулік сайын кем дегенде екі литр су керек, өйткені адам денесінің шамамен 2/3 бөлігі судан тұрады. Адамға күніне 100 г белок, 85 г май, 400 г көмірсу қажет екен.

Тазалық-денсуалық кепілі

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.

Жеке бас тазалығының ережелері.

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу

- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара

- Киімің таза және үтіктелген болсын

- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл

- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл.

Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

 

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет

 

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724,4 мың шаршы километр. Жер көлемі жағынан  Қазақстан әлемде 9-шы орын алады.

2017 жылғы 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 926 500 адам. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,7%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%. Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.

 Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады.

Елдің бас қаласы-Астана. Мемлекет басшысы- Президент. Ақша бірлігі – теңге.

1991 жылы 16 желтоқсан  күні қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

Республика пайдалы қазбалардың аса бай қорларына ие. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, алтын мен күмістің бай қорлары бар.Вольфрам қоры бойынша Қазақстан әлемде 1 орын, фосфор қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші орын алады.

 

Сөздік:

  құрлық-материк

  дін – религия

  біртұтас-унитарное 

  мырыш – цинк

  зайырлы – светское

  әлемдік қор – мировой запас

  қорғасын- свинец    

   

 

Тіл туралы Заң

 

1989 жылы 22 қыркүйек күні – тәуелсіз Қазақстанның тарихында  есте қалатын елеулі күндердің бірі. Бұл тұңғыш рет Тіл заңы қабылданған, халықтың тіл тағдыры үшін ұзаққа созылған күресінің нәтижесінде қазақ тілі жеке-дара мемлекеттік мәртебе алған жұлдызды шақ.

Бүгінгі, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы » Заңымыз 1997 жылы 11 шілде күні қабылданған.Атылмыш Заңының 1 тарауының              4 ші бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі екені айтылады. Мемлекеттік тіл дегеніміз - басқару, заң шығару, сот жүргізу, іс жүргізу тілі.

Республика азаматтарының борышы- мемлекеттік тілді үйрену. Орыс тілі - мемлекеттік органдарда және жергілікті басқару органдарда қазақ тілімен бірдей пайдаланады.

Бірінші  тараудың 6 бабында мемлекетіміздің  тілдерге жасайтын қамқорлығы туралы делінеді.

Мемлекетіміз Қазақстан халықтары тілдерінің дамуына тиісті жағдай жасайды.

 

нәтиже – результат

тағдыр - судьба

жұлдызды шақ - звездный час

жергілікті-местные

 

Тілдер мерекесі

 

Ақын Расул Гамзатов өзінің ана тіліне деген ыстық сезімін осылай жеткізген: «Туған тілім ертең жойылады десе мен бүгін өлуге даярмын»

22 қыркүйек күні Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесі. Бұл күн әр оқу орнында, әр мекемеде ерекше аталып өтеді: түрлі кештер мен кездесулер өткізіледі.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет, елімізде 126 ұлт өкілдері тұрады. Әр ұлт тілінің өзіндік қайталанбас әсемділігі, өткірлігі мен дәлдігі бар. Әр ұлт тілі ерекше : табасаран халқының тілінде зат есімнің 37 септігі бар, /негізінен олар Дағыстанда тұрады/, ал абхаз әліппесінде тек қана 2 дауысты дыбыс бар екен.

Кез келген тіл – асыл мұра, көненің көзі, бабалар сөзі ғана емес – халықтың өзі.

    Сөздік

сүйіспеншілік – любовь                    әліппе - алфавит

мән - значение,смысл,суть               кез келген - любой

немқұрайдылық – равнодушие        дәлдік - точность

жабайы – дикарь, дикий                   зиянды- вредоносен

жойылады – исчезнет                        қайталанбас- неповторимый

 

 

 

Қазақстан облыстары мен қалалары

 

Қазақстан — біртұтас мемлекет. Қазақстанда 14 облыс, 87 қала бар. Ең ірі қалалар –Алматы, Астана, Қарағанды.

Ақмола облысы - еліміздің орталық бөлігінде орналасқан. Жер көлемі – 146,2 мың. шаршы км.

Әкімшілік орталығы –  Көкшетау қаласы. Қала 1824 жылы  құрылған.

Көкшетау өңірі – табиғаты өте көркем, қазақтың Швейцариясы атанған өлке. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ сияқты атақты ұлдарының туып өскен жері.

Қостанай облысы еліміздің солтүстігінде орналасқан. 1924 жылы құрылған. Қостанай өңірі – астық, мал шаруашылығына мамандырылған аймақ, жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай болғандықтан, тау-кен  өндірісі де жақсы дамыған. Осында Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Краснооктябрь боксит кен басқармасы, «Қостанай минералдары» сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

Қостанай өлкесі  – Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Бейімбет Майлин  сияқты ұлы адамдардың туған жері.

 

 

Қазақстан картасы

 

Қазақстан Республикасының аумағы  батыста Еділдің төменгі ағысынан шығыста Алтайға, 3000 км/ге дейін, солтүстікте Батыс Сібір жазығынан  оңтүстікте Тянь-Шань таулы жоталарына 1600 км/ге созылып жатыр. Қазақстан батысы мен солтүстігі Ресеймен, оңтүстігі Түркменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен , шығысы Қытаймен шектеседі.

Қазақстан жер көлемі жағынан Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада және Австралиядан кейінгі 9 орын алады.

Қазақстанда 14 облыс, 87 қала 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар.

Қазақстан жер бедері бойынша әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Қазақстан аумағының 10 % ке жуығын таулар алып жатыр.Бұл Алтай жоталары, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Тарбағатай, Бурабай т.б. таулы аймақтар.

Қазақстанда 85 мыңға жуық өзен бар, оның 90%-і ұзындығы 10 км/ден кем өзендер мен уақытша ағатын өзеншелер. Тек 228 өзеннің ұзындығы 100 км/ден асады. Ең ірі өзендер Тобыл, Ертіс, Іле, Жайық, Жем.

Қазақстан фаунасында сүткөректілердің 155, құстардың 480, балықтың 150 түрі бар.Сүткөректілердің  ішінде кеміргіштер көп кездеседі, бұл құм тышқан, су егеуқұйрығы, суырлар.Тұйяқтылардан шөл мен шөлейт жерлерде ақбөкен мен жайран, тауларда – марал, тау ешкі, арқар, жазықтарда қабан мен елік кездеседі.

Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық т.б. бар.

 

төменгі ағыс –нижнее течение    суыр-сурок

жота –хребет                                 ақбөкен -сайгак

жер бедері –рельеф                       шөлейт -полупустыня

сүткөректі-млекопитающие         жыртқыш-хищники

кеміргіштер –грызуны

 

  

 

Қазақстан астаналары.

 

Алматы - алғаш сақ, кейіннен үйсін тайпаларының мекені болған, орта ғасырларда салына бастаған қала. Қазақстан Ресейдің қол астына қарағаннан кейін Алматы тұрған жерде 1854 жылы Верный бекінісі салынды.

Алматы 1939 жылғы 5 желтоқсан күнінен бері Республикамыздың астанасы болды. Бұл қала  ірі өндірістік және мәдениет ордасы, ғылыми, экономикалық орталық. Бүгінгі күнгі  Алматы - еліміздің оңтүстік астанасы.

Қазіргі бас қаламыздың аты -Астана. Бұрынғы атауы Ақмола еді. Ақмола – тарихи қала. Ірге тасы 1832 жылы қаланған. Елбасымыздың 1998  жылғы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес бұл қаланың аты Астана деген атауына өзгерілді.Сол жылдың маусымында жаңа астананың  салтанатты тұсау кесері өтті.

Бүгінгі астанамыз  әсем, тамаша қала,  ғылым мен мәдениет орталығы. Бұнда Л.Гумилев атындағы Еуроазиялық университеті, медициналық институті, политехникалық институты ауылшаруашылық институты т. б. жоғары мен  арнайы оқу орындары бар. 

Қалада «Интерконтиненталь» мейманханасы, «Синема – сити» кинотеатры, «Думан» ойын-сауық орталығындағы теңіз пен мұхит жан-жануарлары бар алып океанариумы т.б.  орталықтары бой көтеруде.

 

алғаш – первый,в начале

тайпа –племя

қол астына қарағаннан кейін – после присоеденения

бекініс-укрепление, крепость

салтанатты тұсау кесері – торжественное открытие

мұхит -океан

 

 

Көне қалалар тарихы.

 

Ежелде Қазақстан аумағында көптеген көне қалалар болды. Оның бірі Тараз. Тараз – Талас өзенінің бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты 5 ғасыр. Тараз қолөнер өндірісі жақсы дамыған бекіністік сауда қаласы болды. Ежелгі таразды қазу нәтижесінде жоғарыдан төмен қарай жатқан бес мәдениет қабаты анықталды. Таразда әйгілі Қарахан кесенесі секілді орта ғасырлық ескерткіш, күні бүгінге дейін сақталған. Тараздың оңтүстік – батысына таман 18 км жерде Айша-бибі және Бабаша-қатын кесенелері сияқты ескерткіштер бар.

Тағы бір ежелгі қаланың бірі- Сарайшық. Сарайшық Жайық өзені бойында салынған ескі қала. Белгілі ғалымдар бұл қала 10 ғасырда салынды деп санайды. Бұл қала Алтын Орда хандығының бас қаласы болған.Қала атауының шығу тарихы жөнінде бір-неше аңыз бар. Алтын орда ханы Әз Жәнібек қызының аты Сара еді. Жақын тұратын ханзадалар көрікті хан қызына қырындап, үй сыртынан «Сара шық!»деп айқалады. Содан қала аты Сарайшық болып кетіпті.

 

қолөнер-прикладное искусство

мәдениет қабаты – культурные слои

кесене – мавзолей

шығу тарихы –история происхождения

ханзада – принц

 

 

Еліміздің ірі қалалары.

 

Өскемен – еліміздің түсті метталургия орталығы. Осындағы қорғасын – мырыш және титан-магний комбинаттарының өнімдерін бүкіл әлем біледі, әрі олар дамыған елдерде де үлкен сұранымға ие болып отыр.

Ал Атырау Қазақстандағы ең ірі мұнай өңдеу орны.

Сонымен қатар Атырау – қара және қызыл уылдырықтың Отаны.

Ірі өндірістік орталық болып есептелетін Павлодарда өнеркәсіптің әр түрлі салалар бойынша көптеген зауыттар, фабрикалар ашылды.

Өзен жағасындағы портты қала болғандықтан, кеме жөндейтін толық механикаландырылған қуатты зауыт салынды. Сондай орындардың бірі- елімізге белгілі трактор зауыты.

Тағы бір ірі қалалардың бірі Қарағанды қаласы. Бұл қала Сарыарқаның сәл белесті жазық, орта тұсында орналаскан. Іргесі Қарағанды тас көмір бассейні орталығындағы кеншілер поселкесінің негізінде қаланды. Кеңес өкіметі жылдарында салынып, қанат жайып өркендеген жаңа қалалар қатарына жатқанмен, Қарағандының өзінің үлкен тарихы бар. 1833 жылы қазақ жігіті Аппақ Байжанов, қараған көп өскендіктен «Қарағанды» аталып кеткен өңірдегі суыр інінің жанынан, жылтыр қара тас табады. Кейін оның тас көмір екендегі анықталады да бұл алаптың иесі Өтепов деген бай, сол жерді Никон Ушаков деген орыс кәсіпкерге 250 сомға сатады.

1932 жылы Қарағанды қалаға айналады, 1936 жылы облыс орталығы болады.  Қазірде бұл қала ірі ғылыми және мәдени орталық.

Қарағанды өнеркәсібінің басты саласы - тас көмір өндіру, сонымен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібі де жақсы дамыған.

 

Сұранымға ие –имеют спрос

уылдырық -икра

кеме жөндейтін  пароходо-ремонтный

механикаландырылған- механизированный

қуатты –мощный

қараған – акация

суыр – сурок

өнеркәсіп-промышленность

 

 

Көп тіл білу- кемеңгерлік

 

Филиппинде 100 шақты тіл мен диалект бары анықталған.Үндістанда 15 ұлт тілі және 1652 басқа да тіл мен диалект бар. 42 миллион халқы бар Эфиопия тұрғындары 85 тілде сөлеседі. Соңғы есеп бойынша, әлемде 5652 тіл және диалект бар. Өкінішке орай 1400-і өліп бара жатқан тілдер тобына жатады.

«Білімділіктің ең басты белгісі - туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» деді ұлы ойшыл Гегель.       Ал бір-неше тілді білетін адамдарды , тіпті данышпан деп те айтуға болады.

Адамзат тарихында 28 тілді жетік білген  адамдар  болған, олар 19 ғасырда өмір сүрген Дания азаматы, профессор Раск және Жаңа Зелландия тұрғыны, дәрігер Гарольд Ульямс. Ватиканның кітапханашысы болған Джузеппе Меццефанти 114 тіл мен 72 диалектіден аударма жасаған, 60 тілде еркін сөлеген.

Ондай полиглот адамдар қазір де бар .   Ол 1941 жылы туған, 19 тілді жақсы білетін Джордж Генри Шмидт атты азамат. Ал Ұлы Британиядағы Би-Би-Си студиясында жұмыс істейтін Джордж Кэмпбелл деген адам өз жұмысында 54 тілді пайдаланады.  

Көп тілді білу  - әрине,  кемеңгерлік бірақ, кез келген адам 3 - 4 тілді еркін меңгере алады.

 

Сөздік

кемеңгерлік – гениальность       адамзат – человечество

меңгеру – усвоить                      білімділік   -   интеллект

белгі – признак                              тұрғын – житель

 

 

 

Астана- Қазақстанның астанасы. Қаланың негізі 1830 жылы қаланған.

        

Астана- алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзім ішінде мұнда бірнеше үлкен құрылыстар салынды. Астана қаласының ортасынан Есіл өзені ағып жатыр. Астана қаласында Президент сарайы, Министрліктердің үйлері, көп қабатты жаңа үйлер, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университеті, Жастар сарайы бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. «Бәйтерек» ғимараты,

«Қазақ елі» монументі шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады. ХХІ ғасырда Астана әлемдегі ең әдемі, гүлденеген астаналардың бірі болады.