2018 жылы 20-шы желтоқсан күні «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қазақ тілін оқытуда тыңдаушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған аймақаралық семинар өткізілді.
Семинарға «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ бөлім басшысы Бақыткүл Зарлыққызы Сүлейменова және жақын тұратын аудандардағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен мұғалімдері қатысты.
Ең алдымен «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Күлзада Хамитқызы Мұхамадиева «Тілдерді оқыту орталығының қызметі мен жұмысы бағыттары»туралыбаяндама жасады. Ол өз баяндамасында ұйымдастырылған курстар, семинарлар, байқаулар туралы сонымен бірге түрлі мекемелермен, кәсіпорындармен және қалалық БАҚ-мен тығыз қарым-қатынаста екенін айтып өтті.
«Қазақ тілін оқытуда тыңдаушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбындағы баяндамасында қазақ тілі оқытушысы Н.М. Амитжанов мемлекеттік тілді оқытуда тыңдаушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамытудың негізгі әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану керектігі жайлы айтып өтті.
Практикалық жұмыс жағынан «Интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту»тақырыбында Күлзада Хамитқызы Мұхамадиева өткізген коучинг сабағында әр түрлі қызықты тренингтер мен рөлдік ойындар өткізіп, тыңдаушыларды мемлекеттік тілді үйренуге, білуге және сабаққа қалай қызықтыру амалдары мен оларды ауызша сөйлетудің интерактивті әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын көрсетті. Бұл коучинг сабағы семинар қатысушылары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды және жоғары бағаланды.
Сонымен қатар «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында қарапайым деңгейдегі Тілдерді оқыту орталығы тыңдаушыларға Күлзада Хамитқызы Мұхамадиева ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында тыңдаушылар сабаққа белсенді қатысып, өтілген тақырыптар бойынша өз білімдерін практикада қолдана алатындығын көрсете білді.
Одан басқа Лисаков қаласы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері А. Т. Дощанова «Сайт – байланыстың тиімді құралдарының бірі» тақырыбында шебер-класс өткізді. А. Т. Дощанова сайттың ерекшеліктері мен құрылуымен таныстырып, Тілдерді оқыту орталығы жұмысының тиімділігі туралы атап өтті.
Қазақ тілі латын әліпбиіне көшу жобасын ілгерілету мақсатында семинар қатысушылары арасында «Мен және Латиница» атты зияткерлік сайысы өткізілді.
Семинар қатысушылары латын әліпбиі бойынша жазылған қазақша сөздерді тез және жақсы оқи білетіндіктерін көрсетті.
Соңында қатысушылар ұйымдастыру мен дайындықтың жоғары деңгейде өткізілгендігін, осы іс-шараның маңыздылығын, өз пікірлері мен тілектерінде айтып өтті.
Бұл семинар қатысушыларға өзін-өзі жетілдіру, практикалық тәжірибелермен бөлісу, жаңа идеялар мен пікірлермен алмасу алаңы болды.