Ағымды жылдың 28 ақпан күні Тілдерді оқыту орталығында латын графикасын насихаттау, үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау мақсатында «Полиглот» атты қалалық байқауы өтті. Бұл байқау Жастар жылын атап өтуге арналған, осы байқауға 15-29 жас аралығындағы жастар қатысты. Байқау бес кезеңнен құрылған еді: 1 кезеңде қатысушылар өздерін қазақ тілінде таныстырып өтті, 2 кезеңде қатысушылар интерактивті тақтадағы ұяшықты таңдау арқылы орыс тілінде берілген мақал-мәтелді қазақ және ағылшын тілдеріне аударса, 3 кезеңде латын графикасында берілген мәтінді оқып орыс тілінде ілеспе аударма жасады, 4 кезеңде қатысушылар берілген сурет бойынша ағылшын тілінде әңгіме құрастырды.
Тірек сөздер мәтіннің тірегі деген 5 кезеңде қатысушылар 5 минут ішінде берілген тіркес сөздермен қазақ тілінде мәтін құрастырып айтты. Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Ерусалимский Вячеславқа берсе, 2 орынды Лисаков техникалық колледжінің студенті Мицул Андрей алды, ал 3 орынды Лисаков техникалық колледжінің студенті Борисов Максим мен №6 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бердібаева Даяна өзара бөлісті. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен мен мадақтамалармен марапатталды.