"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
Үздік аудармашы» қалалық байқауы

2020 жылғы 8 қазан күні «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тілдерді оқыту орталығы» КММ базасында «Үздік аудармашы» атты қалалық байқауы өткізілді.

 

Байқау мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, аударма мен мемлекеттік тілде дайындалатын іс-қағаздарының сапасын арттыру, аудармашылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау,латын  әліпбиін үйренуге қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

 

Осы іс-шараға қаланың мемлекеттік мекемелерінде, кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс істейтін аудармашылар қатысты.

 

Байқау барысында қатысушылар терминдерді, латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиді білу деңгейі бойынша өз білімдерін, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

 

Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынға Лисаков  техникалық коллеждінің аудармашысы  Аухатова Рза Жансұлтановна, екінші орынға дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудармашысы Ерғалиева Райхан Армановна, ал  үшінші  орынға  № 4 орта мектептің аудармашысы Құрманова Құралай Жүргенбаевна ие болды.

 

Жеңімпаздар грамоталармен, қатысушылар алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.