Бекітемін
«Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі» ММ басшысы
___________________М.Ж. Байжанов
«_____»______________2018 жыл
«Абай оқулары» қалалық байқауының ережесі
1.Мақсаты мен міндеттері:
1) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
2) тіл мәдениетін көтеру;
3) көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;
4) талантты жастарды табу.
Конкурс мемлекеттік тілде өтеді.
2.Байқаудың шарттары:
Байқауға 17-35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
3.Байқауға қатысушылар келесі тапсырмаларды орындау қажет:
- қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу;
- қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.
Байқауда қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез келген шығармаларын оқуға болады.
4.Байқау шарттары:
1) мәтінді оқу уақыты 5 минуттан аспауы керек;
2) дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
3) үміткерлер мәтіндерді жатқа білулері шарт.
Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:
- көркем мәтінді оқу шеберлігі;
- дұрыс дыбыстауы;
- көркем мәтінді таңдау талғамы;
- сахналық образ және оқу шеберлігі.
Байқауға қатысу үшін өтініштерді 2018 жылдың 5 сәуіріне дейін, «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ-сінің № 72 кабинетіне немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына жолдауға болады.
Өткізілетін орны: Тілдерді оқыту орталығы («Союз» МҮ).
Өткізілетін мерзімі: 2018 жыл 20 сәуір 11-00-де.
5.Қорытындылау.
Байқаудың қорытындысымен 1, 2, 3 орындар беріледі.
Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
6.Байқаудың ұйымдастырушылары:
«Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ.
Байланыс телефоны: 3-13-83