«Абай оқулары» қалалық байқауы
2018 жылғы 20 сәуірде Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығында «Абай оқулары» атты қалалық байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты - Абай шығармашылығын насихаттау арқылы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көркем әдебиетті насихаттау, талантты жастарды қолдау.
Конкурстың бірінші кезеңінде әр қатысушы қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез келген прозалық шығармасынан үзінді оқыды. Екінші кезеңінде қатысушылар поэзиялық шығарманы мәнерлеп оқудан сайысты.
Байқау қорытындысы бойынша 1 - орынды Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің №1 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі - Алдабергенова Дана Маратовна және «Нұрлы жол» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі - Махамбетова Жанна Батырбековна өзара бөлісті, 2-орынға - Октябрь орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Антропова Анастасия Алексеевна, ал 3- орынға «Ивушка» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі - Эпова Диана Владимировна ие болды.
Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар, ал қалған қатысушыларға қатысқаны үшін алғыс хаттармен естелік сыйлықтар табыс етілді.