"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
Байқау ережесі

Бекітемін

«Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

басшысы _________________М.Байжанов

2018 жылғы «___»_______________ 

 

 

 

«Біз қазақ тілін үйренеміз!» 

қалалық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

1.Мақсаты мен міндеттері: Мемлекеттік тілді насихаттау, Қазақстан Республикасының көп ұлттылық  рухани бірлігін нығайту; жастардың латынды үйренуде қызығушылықтарын арттыру.

2.Байқаудың шарттары:

Байқау өзге  ұлт өкілдерінің арасында өткізіледі.                        

Байқауға қатысушылар келесі тапсырмаларды орындау қажет:

  1. «Визитка». Әр қатысушы өздерін мемлекеттік тілде таныстырады (3 минут).
  2. Латынша сұрақ, жауап (3 сұраққа жауап беру, 3 жауапқа сұрақ дайындау) (5 минут).
  3. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
  4. Шығармашылық конкурс «Өнерпаз болсаң…» Қатысушы қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқиды немесе қазақ тілінде ән айтады.


Байқауға қатысу үшін өтініштерді  2018 жылғы 15 қазанға дейін, «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ-сінің  72  кабинетіне немесе  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасы бойынша  жолдауға болады. 


Өткізілетін орны: Тілдерді оқыту орталығы («Союз» МҮ, 71 каб.).


Өткізілетін  мерзімі: 2018 жыл 26 қазанда сағат 15.00-де.

 

3.Қорытындылау.


Тапсырмалар 5 балдық жүйемен бағаланады.

Байқаудың  қорытындысымен 1, 2,  3  орындар беріледі.

Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.


4.Байқаудың
  ұйымдастырушылары:

«Лисаков қаласы әкімдігінің  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ. Байланыс телефоны: 3-13-83

 

Аты-жөні

Туған жылы, ұлты

Жұмыс (оқу) орны, лауазымы

Байланыс телефоны