«Біз қазақ тілін үйренеміз!»
2018 жылғы 26 қазанда Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығында «Біз қазақ тілін үйренеміз!» атты қалалық байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты - Мемлекеттік тілді насихаттау, Қазақстан Республикасының көп ұлттылық рухани бірлігін нығайту, жастардың латынды үйренуде қызығушылықтарын арттыру.
Байқау төрт кезеңнен болды. Байқаудың бірінші «Визитка» кезеңінде әр қатысушы өздерін мемлекеттік тілде таныстырады. Екінші кезеңінде латынша сұрақ, жауап (3 сұраққа жауап беру, 3 жауапқа сұрақ дайындау). Үшінші кезеңде әр қатысушы сурет бойынша әңгіме құрастырды. Төртінші шығармашылық конкурс «Өнерпаз болсаң…» кезеңде қатысушы қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқыды немесе қазақ тілінде ән айтты.
Байқау қорытындысы бойынша 1 - орынды Лебедева Татьяна Юрьевна «Дельфинчик» бөбекжай-бақшасының ағылшын тілі мұғалімі, ІІ орынды Точилина Анастасия Алексеевна «Октябрь орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі және ІІІ орынды Федосеева Дарья мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы иеленді.
Сонымен қатар өзге де қатысушыларға алғысхаттар табыс етілді.