Бекітемін
Лисаков қаласының әкімі
____________А. Исмағұлов
«___»________2018 жыл
Біздің міндетіміз – халыққа қызмет ету» қалалық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- мемлекеттік қызметінің беделін арттыру, қаланың ең үздік мемлекеттік қызметшілер командаларын анықтау және ынталандыру;
- мемлекеттік тіл саясатын насихаттау;
- Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында баяндалған қазақстандық мемлекеттілік, қоғамның шоғырлану құндылықтары, бейбітшілік пен өркендеу, қоғамдық сананы жаңғырту идеясын нығайту.
2.Байқаудың ұйымдастырылуы
2.1. «Біздің міндетіміз - халыққа қызмет ету» байқауы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығын мерекелеуге орай және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметші күніне арналып «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып «Лисаковы қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамытьу бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылады.
3.Байқаудың шарттары
«Біздің міндетіміз – халыққа қызмет ету» байқауына жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерінен құрылған командалар қатысады. Әр команданың құрамы үш адамнан кем емес.
Байқау әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өтілі бір жылдан кем емес мемлекеттік қызметшілерге қатысуға жол беріледі.
Байқау мемлекеттік тілде жүргізіледі.
4.Байқаудың өткізу кезеңдері
4.1. Байқау мынадай кезеңдерден тұрады:
І кезең: «Тұсаукесер»:
команда капитандары таныстырады (команда атауы мен ұраны, визит каротчкасы немесе ақпараттық технологияларды пайдаланып команданы таныстыру (презентация және т.б.) 3-5 минуттан көп емес);
ІІ кезең: «Латын графикасында мәтін оқу» топтық сайыс (үш минуттан көп емес). Лэд-экранда латын графикасында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» бойынша мәтін беріледі.
ІІІ кезең: Ситауциялық міндет (кейс). Әңгімелесу барысында командаға ұсынылған нақты кейс бойынша ситуацияны көрсету және аталған ситуацияға қатысты оңтайлы шешім жолдарын ұсыну қажет (мысалы, «Бастық өткізген лездемеде», «Мемлекеттік қызметші кафеде», «Пара беру», «БАҚ-мен жанжал», «Басшының әдеп нормаларын бұзуы»).
ІV кезең: «Сөйлеу шеберлігі». Зияткерлік бөлік. Ұсынылған тақырыптар бойынша пікірлесу 1-2 минуттан аспау керек (мазмұндылығы, ойға қонымдылығы, көрермендерді сендіре білуі, дәйектілігі, ерекшелігі, айқындылығы, сөйлеу сауаттылығы,– регламентті сақтай білуі бағаланады).
«Менің міндетім – халыққа қызмет ету»;
«Болашақтағы мемлекеттік қызмет: менің көзқарасым»;
«Мемлекеттік қызметшінің бейнесі мен оң абыройын қалай көтеруге және қолдауға болады»;
«Егер мен әкім болсам, қала үшін не істеген болар едім»;
«Жемқорлықты жою үшін не істер едім».
V кезең: Қазақстанның киелі картасы «Жер-судың аты – тарихтың хаты» топтық сайыс. (3 минуттан көп емес). Лэд-экранда Қазақстанның киелі картасы көрсетіліп тұрады. Үміткер таңдаған нысанның қысқаша сипаттамасын беруі тиіс. Байқаудың соңында ең жоғары балл алған команда жеңіп алады.
5.Бақаудың өткізу тәртібі
Байқауға қатысу үшін мәлімдемелерді «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ. 72 каб. қағаз нұсақада немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. және «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберу.
2018 жылдың 25 мамырына дейін мына нысан бойынша жіберулеріңізді сұраймыз.
Название команды
№ |
Т.А.Ә |
Туған жылы |
Мекеменің атауы |
Лауазымы |
Мемқызмет өтілі |
Байланыс телефоны |
1 |
|
|
|
|
|
|
Өткізу орны: «Союз» МҮ ғимараты, үлкен зал.
Өтетін күні мен уақыты: 2018 жылғы 5 маусым, сағат 15-00.
6.Байқау қатысушыларға қойылатын талаптар
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:
- сөйлеу мәдениеті, дұрыс айтылуы, сахналық образы;
- жауаптың толықтығы және ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеб кодексінің нормаларын білуі.
Қазылар алқасы конкурсты 5 ұпай жүйесінде бағалайды.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және интернет-ресурсында орналастырылады.
7.Байқау қорытындысы
Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ командалар марапатталады. Байқау жеңімпаздары сыйлықтар және дипломдармен н марапатталады.
Байқау қатысушыларының барлығына сертификат беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ кадрлар бөліміне, 18 каб, тел 3-84-11, сондай-ақ «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ, 72 каб., тел 3-13-83