Аудармашылар семинары
2018 жылғы 26 қаңтарда «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қала мекемелері мен кәсіпорындарында аудармашылар және мемлекеттік тілдегі редакторлары үшін «Нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу» атты қалалық семинар өтті.
Аталған семинардың теориялық бөлігінде тіл орталығының әдіскері А.Т. Дощанова баяндамамен шықты. Семинардың пракатикалық бөлімінде «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы Г.О. Жахина «Құжаттарды рәсімдеудің жалпы ерекшеліктері» атты тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында айтылған ұсыныстар мен тілектерді келесі аудармашылар кездесуіне ескеру, жүзеге асыру.