"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
Семинар туралы

Оқытушыларға семинар

 

Ағымды жылдың қаңтар айында «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ тілдерді оқыту орталы бірлесіп қала мекемелері мен кәсіпорындарының оқытушылары үшін «Қазақ тілін оқыту бойынша оқу-әдістемелік кешенді жасай білуге үйрету» атты тақырыбында семинар өткізді.


Осы семинарда «Мектеп-лицей» КММ қазақ тілі оқытушысы Айслу Бахтиярқызы Сәрсенбаеваның тәжірибесі ұсынылды.


Семинар теориялық және практикалық блоктардан тұрды.


Теориялық блогта Айслу Бахтиярқызы қазақ тілі бойынша оқу-әдістемелік кешенді жасай білуді тәжірибесімен бөлісті. Ол осы тақырып бойынша презентацияны ұсынды, онда өнімді құру жолдары, түрлері және міндеттері көрсетілген.


Семинардың практикалық бөлігінде Айслу Бахтиярқызы мынадай екі оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) ұсынды: «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың жоба қызметтерін ұйымдастыру»; «Оқу пәні (қазақ тілі, 5 сынып) шеңберінде оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру».


Ұсынылған ОӘК қызықты тапсырмалар, жаттығулар арқылы мемлекеттік тілді оқуға қызығушылықты жоғарлатуға, сондай-ақ оқушылардың сөйлемдерді, сөз тіркестерін  құрастыру мүмкіндігін дамытады. Осы материалды оқытушы бастауыш және үлкен сынып оқушыларымен ғана емес ересек санаттағы адамдарды оқыту кезенде пайдалануға болады.


Семинардың соңында осындай семинарларды өткізу қажеттілігі мен маңыздылығы туралы беліленді, өйткені осындай семинарда оқытушыларға тәжірибемен алмасуға, қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік өнімдерді шығару мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.


Семинар ұйымдастырушылары осындай семинарды өткізуге Айсулу Бахтиярқызына алғыс білдірді және жаңа педагогикалық табыстар тіледі