"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
2018 жылғы желтоқсан айында Тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік және ағылшын тілдері курстарының тыңдаушыларына сертификаттарды табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараны «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілденрді оқыту орталығы» КМ директоры Г.Х. Мухамадиева ашты. Құттықтау сөзінде Гүлзада Хамитқызы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңдеріне тоқталып кетті.

Қорытынды емтихан нәтижелері бойынша мемлекеттік және ағылшын тілдері бойынша деңгейлік курстарын сәтті аяқтағаны туралы 135 сертификат табысталды. Оның ішінде 115 мемлекеттік тілі курсын аяқтау бойынша, 20 – ағылшын тілі тыңдаушыларына. Сертификаттар қаланың мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік және азаматтық қызметкерлеріне және ұйымдарының қызметкерлеріне табыс етілді.

       
Соңында Г.Х. Мухамадиева қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне бағытталған үш тілдік білімді ілгерлету басымдылығына ерекше көңіл аударды. 

Гүлзада Хамитқызы  тыңдаушыларға қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру ықыласында жігерлілік пен мақсаттылық үшін алғысын білдірді.