Лисаков қаласы әкімінің орынбасары
Саясаткер - әйелдер клубының
төрайымы
Латын әліпбиіне көшу - жаңа ғасырдың жаңа талабы.
Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Елбасымыздың тікелей қолдауымен күшіне еніп отырған, латын әліпбиіне көшу бастамасын толық қолдаймын. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі халқымыздың алдағы уақытта жедел дамып, дамыған отыз елдің қатарына кіруіне мұрындық болары сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу болашақта қазақ тілінің өркендеп дамып, мемлекеттің барлық саласының электронды түрде ана тілімізде жүйеленуіне кепіл болады деп ойлаймын.
Қазіргі уақытта жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын жастардың дені күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін. Сондықтанда латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын.
Елім деп, Елбасымыз ертеңгі болашақ қамы үшін, бұл игі бастама шарасын халықпен тікелей ақылдасып, пікір бөлісуге жол ашып бергені үлкен азаматтық деп бағалайым. Латын әрпіне көшу арқылы біз әлемдік кеңістікке жақындаймыз. Жаһандық өркениетке енудің алтын көпірі.