"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
МУРЗАБУЛАТОВА ТАМАША БИСЕМБАЙҚЫЗЫ

 «Лисаков аймақтық мемлекеттік мұрағаты»

  «ҚОМА» ММ филиалының  басшысы 

    Саясаткер  әйелдер  клубының

                         мүшесі

 

Латын әліпбиіне өту - заман талабы

 

Тарихты жасаушы – халық, ал оны ұрпаққа жеткізуші мұрағат. Шынында да тарих тұңғиығына бойлау үшін міндетті түрде мұрағат құжаттарын іздейсіз және онымен танысу арқылы мұрағаттың тарихының қайнар көзі екеніне көзіміз жетеді.


Еліміздегі тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени мәні бар барлық құжаттар Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасы болып жарияланды. Олай болса архивтік тарих құжаттары арқылы өз шежіресін жалғастыра бермек. Осы жерде архивте сақталатын  латын тілдегі құжаттарды айтып өтіп кеткенім жөн.


«Қостанай облысы мемлекеттік архив» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сақтауында 1929 - 1940 жылдардың қорларында латын қарпінде негізделген қазақ тілінде құжаттар бар және «Қостанай облысы мемлекеттік архив» мемлекеттік мекемесінің кітапхана қорында 1936-1937 жылдың «Большевик жол» газетінде сирек нөмірлерінде  латын қарпінде негізделген қазақ тілінде толық басылымдар бар. Өз ойым, латын қарпіне көшу дұрыс деп санаймын 


Егеменді, тәуелсіз, еліміздің мемлекеттік тілді  дамытуда көп деген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, осы заманға ақпараттың тіліне айналдыру қажет, өйткені біздің болашақ ұрпаққа әкелетін пайдасы көп. Латын әліпбиіне өту, бұл болашаққа  батыл қадам жасап, төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасымыздың жаңа бастамаларының бірі болып табылады. Жазу -  барлық елдің, халықтың ортақ мәдениеттерді жалғастыратын, байланыстыратын құндылықтардың бірі. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу арқылы болашақ ұрпаққа мұра болып қалады. Өз тілімізді сақтап қаламыз десек, латынға  көшу қажет. Латын әліпбиіне көшу, ол ана тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтылуына жасап келе жатқан қиянатын болдырмау, қазақы айтылым (орфоэпия)  мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек. Сол үшін латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам деп түсіну қажет. Адам жазу арқылы білім алады,  жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын жасаған жұмыстарын да жазып отырады, бұл дегеніміз түрлі  іс- қағаздарымыз, компьютер арқылы хабарласулар бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Бүгінгі компьютер заманында  интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындау қажет. Бәріміздің электрондық поштамыз да латынмен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің  нөміріндегі әріптер латынмен белгіленген. Куәлігіміз бен төл құжатымызда да  латын әліпбиі тұр. Осылай көп мысалдар келтіруге болады, яғни латын әліпбиі бізге тансық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны елімізде кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Латын әліпбиіне көшкенімізде ұтатынымыз:

Біріншіден: тіл тазалығы мәселесі. Тілімізде қазіргі  жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады.

Екіншіден:
  қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқарғаны белгілі. Ол мектептен бастап барлық  оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та қаржы да үнемделеді.  

Үшіншіден:  латын әліпбиіне көшу -  қазақ тілінің халықаралық  дәрежеге жетуіне, шығуына   жол ашады.  Қазақ тіліне  компьютерлік  жаңа  технологиялар  арқылы  халықаралық  қарым- қатынас жасауға  мүмкіндік ашады.

Төртіншіден: біздің шетелдегі Қытай және Түркия елінде  тұрып жатқан қандастарымыздың ақпаратқа қол жеткізуінің өзі тек арнайы құралдардың  көмегімен төте жазуға өзгертіліп  барып қана жүзеге асады, яғни олар  бүгінге дейін қазақ тілінде шыққан газет, журналдарды, интернеттегі  ақпараттарды оқуға қиынға соққан. Естуімізше кез келген Қытай елінің қазақтары қытай иероглифімен қатар жүретін латын қарпіндегі пипинді біледі. Демек, Қазақстанның жаңа әліпбиге өтуі бұл шетелдегі қазақтардың бір-бірімен мәдени, рухани байланысын арттыра түседі.

Бесіншіден: латын әліпбиіне өту түркітілдес елдермен қарым- қатынас жасауға, өз елімізді экономикасының қарқынды дамуына жол ашады. Сол үшін  Елбасымыздың жаңа бастамасын қолдап, өз тілімізді сақтап қалу үшін латын әліпбиіне көшу ол игі іс деп түсіну қажет. 

Сондықтан  «Латын әліпбиіне көшсек, жағдайымыз қалай болады?» деген сұрақ туындамауы тиіс.  Әрине, осы мақсатқа жету үшін бағыт беру, үлкен ізденіс, мол еңбек қажет. Осының бәріне күш-жігеріміздің жететініне сеніміміз мол. Ал, осы орайда латын әліпбиіне көшудің тиімділігін дәріптеу біздің еншімізде. Қазіргі таңда сол үкілі үміт сәулесінің куәсі болып отырсақ, келешекте бұл жазу - елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білемін.