"Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы" КММ
0
МУХАМАДИЕВА КУЛЬЗАДА ХАМИТҚЫЗЫ

«Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді  

дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ

                   директорының м.а.,

    Саясаткер  әйелдер  клубының

                         мүшесі

 

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Латын әліпбиі ресми түрде 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қолданылды.  Мемлекет латын әліпбиіне бірте-берте көшуді ұсынады, бейімделу кезеңінің ұзақтығы – сегіз жыл.


Латын әліпбиіне көшу қандай да бір тілді немесе оның жазылуын теріске шығару болып табылмайды, ол ең алдымен қазақ әліпбиін және оның жазылу емлелерінің ережелерін реформалауға бағытталған.


Латын  әліпбиіне  кезең-кезеңмен көшу 2017 жылдан басталады. 2017 жылдың соңына дейін жаңа кескіндегі қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартты нұсқасы әзірленетін болады. 2018 жылдан бастап  жаңка әліпбиді оқыту үшін кадрлар дайындау және орта мектептерге арналған оқулықтар дайындау жұмыстары жүргізілетін болады. 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімдік баспасөз басылымдары, оқулықтар және басқалар латын әліпбиінде шығарылатын болады.


Латын әліпбиіне көшу бізге не береді?


Латын әліпбиі бізге таныс болғандықтан, латын әліпбиіне көшу  бізге ағылшын және басқа тілдерді жеңіл үйренуге мүмкіндік береді.


Әліпбидің ауысуы жас ұрпаққа елеулі әсерін тигізбейді, себебі ол жазу дағдыларын толық игермеген, жаңа әліпбиді жаттау ол үшін қиындық тудырмайды.


Соңғы уақытта тағы да бір үрдіс айналымға еніп отыр: жастар қазіргі уақытта интернет-кеңістікте және ұялы телефондарында орыс және қазақ тіліндегі
хабарламаларын жащу үшін латын әліпбиін пайдаланады.


Мысалы, біздің әрқайсымыз күн сайын ауа райы туралы СМС-хабарламалар аламыз. Ол хабарламалардың латын әліпбиінде жіберілетінін аңғаруға болады. Оны қайсымыз болсақ та, ешбір қиындықсыз оқып мазмұнын түсіне аламыз.


Одан тысқары,  латын әліпбиіне көшу басқа ұлт өкілдері үшін қазақ тілін зерттеуге және үйренуге мүмкіндік береді.


Бүгінгі таңда көпшілік жұрт әлі де болса қазақ тілінің спецификалық әріптерін қиын қабылдайды. Ал латын әліпбиі бәріне таныс.


Қазақстан әлемдік ақпарат кеңістігіне бірігеді. Біздің барлық сандық ресурстарымыз әлемнің барлық пайдаланушылары үшін қол жетімді болады. 


Қазақстан  жаңа  тарихи  кезеңге  аяқ  басты деуге болады.  Технологиялық жаңаруымен  шектеліп  қоймай,  адамның  сана – сезіміне де мән беруіміз керек. Егер халық білімді болса, ол тез кез келген нәрсені бейімделіп кетеді.