Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы.
Депутат.
Саясаткер әйелдер клубының
төрайымы орынбасары
Латын графикасына көшу туралы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізі болып табылады. Бұл қадам қоғамды жаңғыртуда халықтың рухани кодын сақтап қалу, дамыту, жаңа тарихи кезеңге аяқ басуға, бәсекелестік қабілеттілікті арттыруға, сонымен қатар, білім мен отаншылдықты дамытуға үлкен септігін тигізеді деген ойдамын.
Қазіргі уақытта латын әрпіне көшу жұмысына байланысты көптеген іс шаралар өткізілуде. Оңтайлы қадамдар талқылануда. Дегенмен, еліміздегі білім мен мәдениет ошақтары, іргелі жоғары оқу орындарының ұжымы, мәдениет қайраткерлері латын әліпбиіне көшу ұлттың болашағына қатысты заман талабы екенін түсініп, қолдау көрсетуде. Оған дәлел, Қостанай қаласында өткен «Латын әліпбиіне көшу болашаққа бастар бағыт» республикалық ғылыми - практикалық конференциясы. Осы конференцияға қатысушы ретінде түйгенім, қабылданған латын әліпбиіне қатысты Қостанай облысында көптеген жұмыстар жүргізілуде, басылым беттері жазылуда, латын әліпбиін қолдана алу бойынша байқаулар ұйымдастырылуда. Әсіресе, жастар арасында латын әліпбиін қолдану жиілігі артуда. Бұл қуантарлық жағдай.
Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежедегі орнын анықтайтынын атап айтқым келеді, сонымен қатар, ол әлемдік желідегі орны мен түркі халықтарының арасындағы рухани, мәдени, экономикалық тығыз байланыс орнату мүмкіндігі болып табылады.